jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ШҚО-да жүк көлігі аударылды: жүргізуші кабинада қысылып қалған (видео)

    оқиға орны
    Оқиға орнынан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Алтай-Рахман қайнары тасжолында цемент таситын жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, кабинада қысылып қалған 1987 жылы туған жүргізушіні оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері куәгерлермен бірлесіп шығарып алды.

    ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қаладағы медициналық мекемеге жеткізді.

    Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрады.

    ШҚО-да жүк көлігі аударылды: жүргізуші кабинада қысылып қалған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.