jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырау облысындағы жол апатынан төрт адам көз жұмды

    Жол апаты
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: Photo by Zaporizhzhia Regional Military Adm./Anadolu via Getty Images

    Атырау облысындағы автожолда жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жасалып жатыр, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство ақпаратына сай, 29 мамырда Индер ауданындағы Индер-Қарабау автожолының бір бөлігінде Hyundai Sonata автокөлігі көлікті басқара алмай, нәтижесінде көлік құралы аударылып қалды.

    Оқиға орнында 41 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы қайтыс болды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қажетті материалдар жиналып, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жасалып жатыр.

    Атырау облысы полиция департаменті жүргізушілерден жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

    Атырау облысындағы жол апатынан төрт адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.