jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Дүкенге шыққан": Шымкентте ауыр жүк көлігі қағып, көз жұмған оқушының ата-анасы жайқайын жеткізді

    Аурухана палатасы
    Аурухана палатасы. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Шымкентте ауыр жүк көлігі 11 жастағы баланы басып кетті. Оқушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Баланың жақындары кінәлілер жауапқа тартылғанын талап етіп отыр, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

    Қайғылы оқиға 1 маусымда кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, техника коммуналдық қызметке тиесілі екен және көшедегі қоқысты жинауға шыққан көрінеді. Қара жамылған отбасы айыптылар жазасыз қалмасын деп отыр.

    Ұлынан айырылған әке бүгін бауыр еті Нұрасылын ақтық сапарға шығарып салды. 5-сыныпты  ғана аяқтаған бала кеше дүкенге балмұздақ алуға шығыпты. Қарындастарымен бірге жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан сәтте оны ауыр жүк көлігі қағып кеткен.

    "Болды, басқа не деймін? Өзінің жолында келе жатыр ғой. Басқа не деймін? Өзінің жолында келе жатқан бала ғой. Пешеход та қарамай ма?", – деді марқұмның әкесі Қайрат Тасқұлов. 

    Жаға ұстатарлық жол апаты сағат 17:00 шамасында жаяу жүргінші өткелінде болған. Соққының ауыр болғаны соншалық, баланың бас сүйегі шашылып қалған.

    "Бала жатыр. Мен аяқ жағынан бардым. Арғы шетте шынымен бас сүйек, ағзалары жатыр,сол жерде көз жұмды. Бәріміздің бала-шағамыз бар. Шынымен ауыр жағдай болды", – деді куәгер Ерғали Сүлейменов.

    Бүгінде коммуналдық көлікті тізгіндеген азамат қамауға алынған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның қалай болғанын толық анықтап жатыр.

    "Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мәнжайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Мымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Нұрасыл Әбдірахман – үйдегі екінші бала, алты ағайындының бірі еді. Мектепте үлгерімі өте жақсы, озат оқушылардың қатарында болған. Қара жамылған отбасы орны толмас қазаға кінәлі азаматтың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр.

    "Дүкенге шыққан": Шымкентте ауыр жүк көлігі қағып, көз жұмған оқушының ата-анасы жайқайын жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.