jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    Астанадағы жол апаты
    Астанадағы жол апаты. Фото: Almaty.tv

    Астанада жол талғамайтын көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv

    Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ұл баланың жолдан жасыл шам жанғанда өтіп бара жатқаны анық көрінеді. Сол сәтте оны көлік қағып кеткен. Абырой болғанда, жасөспірім ауыр жарақат алмай, орнынан өзі тұрған.

    Алайда жүргізуші тоқтап, баланың жағдайын білудің орнына, оқиға орнынан ізін суытыпты. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің кім екені анықталған. Ал көлігі айып тұрағына қойылды.

    "Жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншінің жеке басы анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделенгеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Сайран Кильдибекова.

    Астанада жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.