Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Дәрігерлер Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол апаты салдарынан тағы бір адамның қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін оқиға орнында екі адам көз жұмған еді.
Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен бір адам қайтыс болды. Бұған дейін зардап шеккен 8 адам Байғанин аудандық ауруханасына жатқызылған.
"Ауыр халдегі пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер қажетті ем-дом алып жатыр. Ақтөбеден мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация бригадасы келді", - деді Байғанин аудандық орталық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әуезов.
Еске сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған.
DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.
Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2386988-aqtobe-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-zardap-shekken-bir-adam-koz-zhumdy/