jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте жол апаты: жүкті келіншек ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

    Жүкті әйел
    Ішін ұстап тұрған жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте 21 жастағы жігіт көлігін басқара алмай, дүкен ғимаратына соғылды. Соққының жойқын болғаны сонша, нысанның қабырғасы қирап қалған. Салдарынан 2 адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Сағат 02:00 шамасында болған жол көлік оқиғасының салдары ауыр. Жеңіл көлікті тізгіндеген жас жігіт рөлге ие бола алмай, дүкенге барып соғылған. Артынша автокөлік отқа оранып, санаулы минутта толық жанып кетіпті.  Абырой болғанда апаттан опат болғандар жоқ. Десе де, рөлдегі жігіт пен оның жанында отырған әйелі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен. Сорақысы да сол, жас келіншектің құрсағында үш айлық сәби бар. 

    "Мерседес көлігі соғылды. Қасында екіқабат келіншек болды", – деді қала тұрғыны Асхат Әбдіразақов.

    Қазір жүргізушінің туыстары дүкен шығынын өтеп, қираған қабырғасын жөндеуге кіріскен. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеруді бастады. Төтенше жағдайлар қызметі  «жанғыш материалдардың көптігі көліктің өртенуіне себеп болуы мүмкін» дейді.

    "Айта кету керек, автокөліктердегі жанар-жағармай материалдары, пластик және басқа да синтетикалық бөлшектердің көп болуы өрттің қарқынды дамуына әсер етіп, көліктің санаулы минуттар ішінде толықтай жалын құшағына орануына себеп болуы мүмкін", – деді ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Нұрдәулет Ерғали.

     Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Түркістан облысында жол апаты болған. Арыс қаласында ішімдікке тойып алған жүргізуші жер үйдің қоршауын бұзып кіріп, аулада отырған адамдарды қағып өткен. Салдарынан үш адам мерт болды.

    Шымкентте жол апаты: жүкті келіншек ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.