jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтөбе облысында жол апатына түскен жеті адам ауыр халде жатыр

    Жол апатына түскен науқастар
    Жол апатына түскен науқастар. Кадр видеодан: "КТК" телеарнасы

    Ақтөбе өңірінде жол апатынан жараланған жеті адам облыс орталығына жеткізілді. Оларды Байғанин ауданынан санавиация көмегімен әкелген. Бәрі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Қарауылкелді ауылындағы аудандық ауруханаға жол апатынан соң түрлі жарақатпен сегіз адам түскен. Бірінің беті бері қарамай, көз жұмды. Қалған жеті жолаушының жағдайы да оңай емес. Біреуі әлі комада жатыр. Барлығының сүйегі сынған.

    Байғанин ауданына облыс орталығынан арнайы дәрігерлер бригадасы жетіп, екі күн бойы бақылауға алды. Оларға көршілес Темір және Мұғалжар ауданындық ауруханасынан да көмекке дәрігерлер келді. Қазір жеті науқас та Ақтөбеге жеткізіліп, ем алып жатыр.

    Айта кетелік, осыдан үш күн бұрын Қарауылкелді ауылы маңында сұмдық жол апаты болған. DAF пен қос Toyota Camry көлігі соқтығысып, артынша бір жеңіл көлік өртеніп кетеді. Екі адам сол жерде қаза тапса, бір науқас ауруханаға жеткен бойда демі үзіліп кеткен.

    "Байғанин ауданында болған жол‑көлік апатынан бас жарақаты, омыртқа, кеуде, жамбас сүйектерінің зақымдануымен бірнеше науқас келіп түсті. Диагностикалық ем-шара жүргізілуде. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді", - дейді №1 Ақтөбе қаласы ауруханасының бас дәрігері Қадырбек Иманбаев.

    Ақтөбе облысында жол апатына түскен жеті адам ауыр халде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.