jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматының құрылыс базарында жаяу жүргіншіні жүк таситын көлік қағып мерт қылды

    оқиға болған жер
    Оқиға болған жер. Видеодан кадр: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

    Алматыдағы құрылыс базарында адам өлімі тіркелді. Полиция мәліметінше, 46 жастағы жаяу жүргіншіні жүк таситын көлік қаққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Оқиға Алматы қаласының Алатау ауданында болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" жүргізушісі құрылыс базарларының бірінде жерасты деңгейімен жүріп бара жатып 1980 жылы туған азаматты қағып кеткен.

    Салдарынан 46 жастағы жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

    "Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде", - делінген полиция хабарламасында.

    Алматының құрылыс базарында жаяу жүргіншіні жүк таситын көлік қағып мерт қылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.