jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада тағы бір велосипед мінген баланы көлік қағып кетті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: threads.com/@a.lmzzvvv

    Астанада жасы шамамен 6-7-гі велосипед тізгіндеген баланы көлік қағып кетті. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы threads әлеуметтік желісіне куәгерлер жазды.

    Оқиға 12 маусымда Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшесінің қиылысында болған.

    Әлеуметтік желіде (Threads) куәгерлер оқиға орнынан фото жариялап, шамамен 6-7 жастағы баланы көлік қағып кеткенін жазған.

    Астана қаласы полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомство мәліметінше, Ford маркалы автокөлік жүргізушісі кәмелетке толмаған велосипедшіге соқтығысқан. Зардап шеккен жасөспірімді бірден ауруханаға алып кеткені хабарланған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Астанада тағы бір велосипед мінген баланы көлік қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.