jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Щучинск - Бурабай автожолындағы жол апатынан 11 адам зардап шекті

    ЖКО
    ЖКО. Видеодан кадр: Ақмола облыстық ПД

    Щучинск - Бурабай автожолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 маусымда сағат 13:10 шамасында болған.

    Астана - Бурабай бағыты бойынша жүріп, демалушыларды курорттық аймаққа апара жатқан Volvo автобусы қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан, содан кейін ағашқа соғылған.

    Жол апаты салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы, сондай-ақ Changan көлігіндегі екі адам зардап шеккен. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

    Щучинск - Бурабай автожолындағы жол апатынан 11 адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.