jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Белгілі қазақстандық айтыскер жұбайымен бірге жол апатынан көз жұмды

    Марқұм Салтанат Өтелбаева
    Марқұм Салтанат Өтелбаева. Фото: instagram.com/mar.ospanov/

    Айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп, жұбайымен бірге қаза тапты. Қаралы хабарды оның әріптесі, айтыскер Марғұлан Оспанов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласның үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты. Жалғыз ұлы Нұрсұлтан таңғы 9-да "аға, ата-анамнан айрылып қалдым", деп хабарласты.

    Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнады. Өз ісінің білікті маманы ретінде жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның басшылығымен музейде көптеген маңызды жобалар, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары табысты жүзеге асырылды.

    Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Амантайқызы ашық көңілді, мейірімді әрі парасатты жан еді. Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді.

    Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ол.

    Белгілі қазақстандық айтыскер жұбайымен бірге жол апатынан көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.