jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмды

    Аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: David Sacks/The Image Bank/Getty Images

    Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір әулеттің 5 қызы мерт болды. Қайтыс болғандардың барлығы кәмелетке толмаған. Апаттан тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Қайғылы оқиға Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші автокөлікті қатты айдап келіп, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. көліктегі алты адамның бесеуі оқиға орнында қайтыс болған.

    Апаттан аман қалған жалғыз баланың халі ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.