"Аударылып кеткен": Алматы қаласында KIA автокөлігі жолайрықтың тірегіне соғылды (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. KIA автокөлігінің жүргізушісі Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесінен өткеннен кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан көлік салынып жатқан жолайрықтың тірегіне соғылып, аударылып кеткен. Бұл туралы қалалық ПД хабарлайды.
Жол апатының салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Көліктегі жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына қауіпсіз жылдамдықты сақтамау себеп болуы мүмкін. Алайда апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
"Полиция жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде жүргізушілерді барынша мұқият болуға, жылдамдықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырады. Рөлдегі бір ғана қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін", - делінген ПД хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2396218-audarylyp-ketken-almaty-qalasynda-kia-avtokoligi-zholairyqtyng-tiregine-sogyldy-video/