Экс-депутат Бақытжан Базарбек ұшыраған жол апаты: зардап шеккен азамат комадан шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ұшыраған жол апатынан зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, даеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алғаннан кейін 23 тәулік өткен және зардап шеккен азамат 11 күннен бері Тараз қаласындағы көпбейінді аурухана мен кеңес беру-диагностикалық орталықтың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған.
"Полижарақат салдарынан науқастың жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр. Қарқынды терапия аясында оң динамика байқалады. Емдеу шаралары толық көлемде жалғасып жатыр. Науқас дәрігерлердің жіті бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Артынша Бақытжан Базарбек желідегі парақшасында науқастың жағдайы туралы жазба қалдырды.
"Нұржігіттің жағдайы туралы шұғыл жаңалық! 24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр.
Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусин Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда.
БАҚ құралдарына ақпаратты бұрмаламай, шынайылыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауды сұраймын. Дұға тілегін жаудырып жатқан халқыма, еліме рахмет!", - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені белгілі болған еді. Әлеуметтік желілерде рульде мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Зардап шеккен азамат ауруханаға түсті. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2424227-eks-deputat-baqytzhan-bazarbek-ushyragan-zhol-apaty-zardap-shekken-adamnyng-zhagdaiy-qandai/
