jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысында жолдағы жұмысшыларды көлік қағып кетті: тағы бір адам қайтыс болды

    жол жөндеу жұмыстары
    Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: alexandrumagurean/Getty Images

    Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен жол мекемесінің тағы бір жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өңірлік полиция департаменті хабарлағандай, екінші зардап шеккен адамның қайтыс болуына байланысты сарапшы қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша қайта саралау жоспарланып отыр.

    Оқиғаның мән-жайы тергеу аясында анықталып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 163-шақырымында болған еді.

    Полицияның мәліметінше, Chery Arrizo 8 автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде жарық шағылыстыратын кеудешесіз жүрген жол мекемесінің үш жұмысшысын қағып кеткен.

    Апат салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, екі адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта үшінші зардап шегуші медициналық мекемеде емделіп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram