jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанадағы қиылыстардың бірінде екі көлік соқтығысты

    Астанадағы жол-көлік оқиғасы
    Астанадағы жол-көлік оқиғасы. Фото: t.me/astanovka98

    Астанада қиылыста екі көлік соқтығысты. Жол апаты 29 қазанда Ақан сері және Фахд бен Абдул Азиз көшелерінің қиылысында болған. Салдарынан жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Елордада Mitsubishi жүргізушісі басты жолмен келе жатқан Chevrolet көлігіне жол бермей, көліктер қиылыста соқтығысқан.

    Астана қаласы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Mitsubishi автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Астанада Hyundai Tucson мен Chevrolet Cobalt көліктерінің соқтығысқанын хабарлаған едік. Соққыдан кейін көліктердің бірі қоршауға ұшып, тұрақта тұрған көлікке соғылған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram