jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    26 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

    : Facebook

    Өміріңізді өз қолыңызға алатын кез келді. Жауапкершілікті басқаның мойнына артпай, іс-әрекеттеріңізге өзіңіз жауап берсеңіз, дұшпандардың біраз жоспарларына балта шабасыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 26-шы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

    tv.ua
    Көрнекі фото:tv.ua: Facebook

    1. Тоқты

    Бүгін аз сөйлеп, көп тыңдайтын күн. Егер әңгімелесуші тек аяныш тудыруға тырысса, әңгімені тоқтату керек.

    2. Торпақ

    Бүгін шындық айтатын күн. Ащы болса да шындық айтқан дұрыс қой, бірақ басқаның жанын жаралаыңыз мүмкін. Сондықтан бос әңгіме айтпай, көптен бері жасалмай жүрген жұмыстарды аяқтаған жөн.

    3. Егіздер

    Күнделікті істерді орындағанда да мұқият болыңыз. Ал маңызды шешім қабылдау немесе кәсіби саланы өзгерту мәселелерін кейінге қалдырыңыз. Бүгін қате жіберіп, біреудің алаяқтығының құрбаны болу қаупі бар. Сондықтан бір нәрсе істемес бұрын жақсылап ойланған дұрыс.

    4. Шаян

    Бүгін айналадағы кеңістікті тазартумен айналысыңыз. Жұмыс орныңыздан немесе үйден бастауға болады. Тіпті саяхаттап жүрсеңіз де, ескіліктен құтылу мен тазарту процесіне аралуыңыз керек.

    5. Арыстан

    Асығыстық танытсаңыз жоспарыңыз іске аспай қалуы мүмкін. Сонымен қатар көп күш жұмсауды талап ететін істермен айналыспаңыз. Тіпті бастаған маңызды істі аяқтамаған күннің өзінде, көп істі аяқсыз қалдырғаннан түк бітірмеген жақсы.

    6. Бикеш

    Жанжал, даудан бойыңызды алыс ұстаған дұрыс. Әйтпесе өзіңіз жанжал ортасында қалып қоясыз. Сіздікі дұрыс болса да, басшылықпен салғыласпаңыз. Ақшаны да бүгін ұқыпты ұстау керек.

    7. Таразы

    Бүгін жинақылық пен тәртібіңізбен көзге түсесіз. Бірақ бұл қасиеттер сізге теріс әсер етеді. Себебі айналадағы адамдар еңбектенуге зауқы болмайды, ал сіз оларды түртпектегеннен түк шықпайды. Сондықтан шаруаларды жалғыз өзіңіз істейсіз немесе басқалар сияқты тынығыңыз.

    8. Сарышаян

    Бүгін өзіңізбен үйлесімде боласыз, соның арқасында көптеген қиындықтарды шешесіз. Ең алдымен басқалармен тіл табысасыз, әңгімелесушінің әрекеттерінің себебін түсінесіз. Ең бастысы өзіңізді ұмытпаңыз.

    9. Мерген

    Жұмыста шаруалар көп болса да, үйге көңіл бөліп, оны жинастыруыңыз керек. Үй жинаған кезде ескі заттардан құтылған жөн. Қажетсіз заттардан арылу арқылы өміріңізге жаңа, қуанышты, пайдалы нәрселерге орын босатасыз.

    10. Тауешкі

    Осы сәрсенбінің энергиясы сабырлы, әрі салмақты тауешкілерге әсер етпейді. Басқалар ары-бері жүгіріп даурығып жүргенде, сіз өз шаруаларыңызбен айналысасыз. Өміріңізге қуанып, сүйікті істеріңізбен айналысу керек.

    11. Суқұйғыш

    Бүгін маңызды шешім қабылдамаған жөн, себебі қателесу ықтималдығы жоғары. Асығыстық танытпай, бұл мәселені басқа күні шешкен дұрыс.

    12. Балықтар

    Бүгін аса байқампаз боласыз. Бірақ бұл қабілетіңіз адамдардың бойынан кір іздеуге ерекше байқалады. Кішкене қатенің өзін қатты сынап, жанжал тудыруыңыз мүмкін. Бүгін көңіліңізді жақсы нәрсеге аудару керек.

    26 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.