Эзотерика

Зектілері

2025 жылы Шаяндарды не күтіп тұр: танымал астролог болжамы

Жарияланған күні:

Су жағасындағы шаян. Көрнекі сурет
Су жағасындағы шаян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаян белгісіздіктен үрейленеді. Жұлдыз белгісі берілген мүмкіндікті қалт жібермесе, 2025 жыл ол үшін жайлы жыл болмақ. Жаңа жылда Шаяндарды не күтіп тұр? Астролог Бежан Дарувалла болжам жасап көрді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 2025 жылы Шаян белгісінің өкілдеріне мансап, қаржы және білім саласында жаңа мүмкіндіктер ашылады, бірақ олар белгісіздіктен қорқуы мүмкін деп астролог Бежан Дарувалла болжайды.
  • Шаян ерлері үшін жыл басында өзіне деген сенімділік артады, ал әйелдерге көптеген жаңа таныстықтар мен мүмкіндіктер келеді.
  • Жылдың бірінші жартысында денсаулыққа көңіл бөлу керек, ал махаббат пен жеке өмірде эмоциялық жақындық пен үйлесімділік күтіледі.

Ер адамдарға арналған жалпы жұлдыз жорамал

2025 жылы Шаян ер адамдарға арналған жұлдыз жорамал қандай? Жылдың басында оның өзіне деген сенімділігі арта түседі. Сәуір айында Марстың Шаянға өтуі мансапта өсу мен білім саласында жетістіктерге алып келеді. Сәуір-тамыз айларында Шаяндар қор жинайды. Тамызда Шолпанның Шаянға өтуі махаббат саласына оң өзгерістер әкеледі. Ал, сәуірдің ортасынан бастап Юпитердің арқасында отбасылық өмірде тыныштық орнайды. Денсаулыққа ерекше көңіл бөлу қажет болады.

Астролог Бежан Дарувалланың айтуынша мансап, қаржы және білім беру саласындағы қолайлы мүмкіндіктер Шаян ерлерге сәттілік пен өркендеуді әкеледі. Астрологиялық басылым Astrologyk астрологиялық басылымының хабарлауынша, әр ісіңізді жоспарлау сізге табысқа жетуге және эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Өмірдің ағымымен жүре бермеңіз, десе де қоғамдық өмірде бастамашыл болыңыз. Отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтап, ақшаңызды көп жұмсауға асықпаңыз, керісінше күзде жылжымайтын мүлікке инвестиция құйыңыз.

Сағатқа қарап тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Сағатқа қарап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдерге арналған жалпы жұлдыз жорамал

Astrologyk басылымының хабарлауынша, 2025 жыл шаян әйелдерге үлкен өзгерістер алып келеді. Көптеген жаңа таныстық, сізге кәсіби және романтикалық салаларда мүмкіндіктер береді. Іссапарлар, саяхаттар және үйден тыс өткізген уақыттың барлығы Шаян әйелдерге пайдалы болады. Ал, имидждің өзгеруі мен жаңа шығармашылық сүйікті іс сіздерге тек қуаныш сыйлайтын болады. Мәселен, қолөнердің жаңа түрін үйрену мансаптағы мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады. 

Жазда сыртқы сымбатыңызға баса мән беріңіз. Тұрақты жүгіру, жаттығуларға шығып тұрыңыз. Басы бос бойжеткендер талғамы биік жанды кездестіреді. Тұрмысқа шыққан қыз-келіншектер жаңа бал айына бастарынан өткереді. Ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сүйікті адамыңызды түрлі тосынсый, көтеріңкі көңіл-күймен еркелетіңіз.

Аналар балаларына барынша уақыт бөлуі тиіс. Осы орайда, бірлескен демалыс - отбасын біріктірудің тамаша мүмкіндігі болмақ. Егер, Шаян әйел өзінің эмоционалды жағдайына назар аударса, ол физикалық және психологиялық денсаулығын сақтайтын болады.

Денсаулық жағдайы мен сұлулығы

Sun Signs астрологиялық басылымының мәліметі бойынша, бірінші жартыжылдықта Шаян әйелдердің денсаулығы жақсы болады. Сонымен қатар, Astro Camp астрологиялық басылымның хабарлауынша, бірінші тоқсанда Шолпан, Сатурн және Марс олардың жалпы әл-ауқатын бақылауды талап етеді. Кәсіби тұрғыда жұмыстан қажудан аулақ болу үшін, өзіңізге көп жауапкершілікті алмаңыз.

Қыста және көктемнің басында көз бен асқазан жұмысына назар аударыңыз. Сатурн тоғызыншы шеңберге, ал Юпитер мамыр айында он екінші шеңберге өткенде, майлы тағамдардан бас тартыңыз. Қазан айында, Юпитер Шаяндарға өткен сәтте, денсаулыққа қатысты барлық мәселелер реттелетін болады.

Сонымен бірге, қатаң диета және тұрақты жаттығулар арқылы физикалық дайындығыңызды жақсартыңыз. Тұзды ванна, сауна, массаж, йога әдістерімен мазасыздықты барынша жойыңыз.

Йогамен шұғылданып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Йогамен шұғылданып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқу, жұмыс және қаржы мәселелері

Medium әлеуметтік басылымының хабаралуынша, Шаян тұрақты материалдық базаны құруға және эмоционалды қауіпсіздік сезіміне қол жеткізуге баса назар аударуы керек. Юпитер транзиті мансапта өсуге, іскерлік бастамаларға және табыс көздерінің ұлғаюына мүмкіндіктер әкеледі. Әлеуметтік сала, білім беру, туризм және мейрамхана бизнесінде жұмыс істейтін Шаяндарды табыс күтіп тұр.

Astroswamig астрологиялық басылымының мәліметінше, Шаяндарға 2025 жылдың басында анағұрлым ұстамды болуға кеңес беріледі. Егер басшылықпен түсініспеушіліктер болмаса, наурыздан бастап жұмыстағы жағдайыңыз жақсармақ. Жұмыста көтерілуге және жаңа мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Кеңсе қызметкерлері құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығына назар аударуы керек. Кәсіп иелері жылдың алғашқы айларында сақтық танытуы қажет. Тамыз айынан бастап бизнесіңіз өркендеп, жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Махаббат пен жеке өмір

Elle сән журналының мәліметінше, жыл эмоционалды тыныштықтан және жалғыздықтан басталады. Десе де астролог Сюзан Тейлордың айтуынша, 2025 жылы Шаяндардың жеке өмірі эмоциялардың әр алуандығына алып келеді. Байыпты қарым-қатынастағы белгі өкілдері үшін, 2025 жыл эмоционалды жақындықты тереңдету жылы болады.

Ара қатынастарды нығайту үшін, 13 сәуірден бастап Балықтардағы Шолпанның тікелей қозғалыс кезеңін пайдаланған жөн болады. Маусым айында, Юпитер Шаяндарға өткен кезеңде, ара қатынастан өзара түсіністік пен қуаныш күтіңіз. Ал, шілде айындағы күн тұтылуы толық және үйлесімді жұп болуға әкеледі. Бойдақтар өмірлік серіктерін кездесетіреді.

10 маусымнан бастап Юпитердің Шаяндарға өтуі белгінің табиғи харизмасы мен магнетизмін күшейтіп, сүйіктіңізді кездестіруге мүмкіндік береді. Өзіңі және сүйіктісінің сезіміне көз жеткізу үшін, кейбір Шаяндар психологпен терапияға барады. Алк кейбірі астрология немесе Таро сияқты балама тәжірибелердің көмегіне жүгінеді.

Сүйіктісіне гүл сыйлағысы келген жігіт. Көрнекі сурет
Сүйіктісіне гүл сыйлағысы келген жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұлдыз белгісіне арналған кеңестер

2025 жылы планеталар бір тізбектің бойына тұрады. Бұл Шаяндарға эмоционалды тұрғыда өсу мен ішкі үйлесімділікке әкеледі. Жылдың мүмкіндігін пайдалану үшін, келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

  • 30 наурыз – Тоқтыдағы Нептун сіздің армандарыңызға қанат бітіреді, алайда иллюзияға көп сене бермеңіз.
  • 4 сәуір – Балықтардағы Сатурн мен Торпақтардағы Уран жұмыста жақсы нәтижелер көрсетуге мүмкіндік береді.
  • 15 маусым – Шаяндардағы Юпитер мен Тоқтыдағы Сатурн эмоционалды тұрғыдан барлығына қайта қарауды талап етеді.
  • 18 шілде – Арыстандағы ретроградты Меркурий. Шығындарға абай болыңыз.
  • 12 тамыз – Шолпан мен Юпитердің үйлесуі махаббаттағы бақыт пен түсіністікті әкеледі.

2025 жылы қол жеткізілетін мақсаттарға басымдықтарды белгілеп, барлығын ой елегінен өткізіңіз. Маусым айынан бастап өміріңіздегі өзгерістерге даяр болып, мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз, барлығына сеніммен қараңыз. Күйзеліске жол бермеу және сыртқы сымбатыңызды сақтау үшін, демалып, жаттығулар жасаңыз. Махаббат пен достықтан ләззат алыңыз және сезімдеріңіз бен тілектеріңізге барынша адал болыңыз.

2025 жылы Шаяндар өміріндегі өзгерістерге байланысты алаңдауы мүмкін. Десе де, Шаяндар өзінің ресурстары мен мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланса, олар зор табыстарға қол жеткізетін болады. Ол үшін барынша сақ әрі мұқият болуды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/astrology/2195760-2025-zhyly-shaiandardy-ne-kutip-tur-tanymal-astrolog-bolzhamy/