Бүгінгі жұлдыз жорамал: 10 желтоқсан күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Бүгін күш-қуатыңыз артып, жаңа белестерді бағындыруға дайын боласыз. Осы күйіңізге сай жұмысыңыз да өнімді болады.
Көптен ұйқы және дұрыс тамақтану режиміне көңіл бөлмей кетсеңіз, осы олқылықтың орнын толтыратын кез келді. Бұл жолда отбасы мүшелерін және достарыңыздың бірін серік етіп алсаңыз, нәтижеге де тез жетесіз.
Торпақтар
Егер буындарыңыз және арқаңыз ауырса, физикалық белсенділікке көңіл бөліңіз: бұл ауырсынудан арылуға көмектеседі.
Бұған дейін сіңірген еңбегіңіз кәсіби тұрғыда жетістікке жетуге жол ашады, табысыңыз да артады.
Егіздер
Гардеробыңызды жаңартатын ке келді. Мезгілге, ауа райына қарамастан, көбіне ашық түсті киімдер таңдағаныңыз жөн. Бұл көңіл күйіңіздің көтеріңкі жүруіне тікелей ықпал етеді әрі жас көрсетеді.
Бүгін достық қарым-қатынас пен позитив үшін қолайлы күн, өзіңізге және достарыңызға жұмыстан және түрлі проблемалардан аздап үзіліс алуға мүмкіндік беріңіз.
Шаяндар
Соңғы кезде сізді табысты арттыру мәселесі көбірек толғандырып жүрген болса, шығармашылықты, соның ішінде сүйікті ісіңізді қолға алу жайын ойлаңыз. Сүйсініп істеген іс міндетті түрде табысқа жеткізеді.
Сүйіктіңізге күмәнданбаңыз, екеуіңіз бақытты өмірге бірге жол табасыз және максималды ләззат аласыз.
Арыстандар
Бүгін эмоциялық тұрғыдан ауырлау күн болады. Айналадағы адамдардың сөзін, болып жатқан оқиғаларды жақын қабылдамауға кеңес береміз.
Таңертеңнен бастап нақты жоспармен жүруіңіз керек. Сонда ісіңіз ойдағыдай аяқталады.
Бикештер
Бүгін жақындарыңызбен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Олар сізді "бізге уақыт бөлмейсің" деп жазғыруы ықтимал. Жағдайды түсіндіріп, олардың да назын тыңдай білсеңіз, мәселе оңтайлы шешімін табады.
Физикалық, эмоциялық және психологиялық денсаулыққа назар аударыңыз. Денеңізді үнемі жаттықтырыңыз және күйзеліске төзімділікті шыңдаңыз.
Таразылар
Қарым-қатынаста болатын елеулі өзгерістерге дайын болыңыз, бұл, ең алдымен, сүйіктіңіздің психологиялық жағдайына байланысты. Күнделікті өміріңізге мүмкіндігінше әртүрлі және жаңа эмоциялар енгізіңіз.
Сізге күнделікті режимді қайта қарап, диета мен тамақтану әдеттеріне аздап түзетулер енгізу қажет. Мүмкіндігінше мобильді және белсенді болуға тырысыңыз, бұл сіздің жалпы денсаулығыңыз үшін маңызды.
Сарышаяндар
Жақсы көретін адамдарыңызға жақсы көретініңізді ашып айтыңыз, ризашылық пен сүйіспеншілік білдіріңіз.
Таза ауада ұзақ серуендеудің өзі денсаулығыңызға зор пайдасын тигізетіні анық. Ішімдіктен бас тартып, денсаулыққа көңіл бөліңіз.
Мергендер
Сіз отбасылық істерге белсенді араласып, жақындарыңызға көңіл бөлсеңіз, бұл отбасыңызбен жақсы тіл табысуға мүмкіндік береді.
Бүгін дене белсенділігіне назар аударыңыз: жүгіру, жүзу және жаттығулар сізге пайдалы болады.
Тауешкілер
Бүгін адамдармен сөйлескенде, қандай да бір шешім қабылдарда абай болыңыз. Асығыс шешім қабылдасаңыз, алаяқтардың арбауына түсіп қалуыңыз мүмкін.
Өзіңізбен пікірлес адамдар тауып, солармен топ болып жұмыс істесеңіз, елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдардан абай болыңыз.
Суқұйғыштар
Достарыңызды көптен бері көрмесеңіз, міндетті түрде уақыт бөліңіз. Кездесуден кейін шабыт алып, өмірге деген құштарлығыңыз оянады.
Болашақ жарыңызды әлі кездестермеген болсаңыз, достар, туыстардың біреумен таныстыру туралы ұсынысынан бас тартпаңыз. Сүйіктіңізді ортақ таныстық арқылы табуыңыз ғажап емес.
Балықтар
Өзіңізге деген сенімсіздіктен арылатын болсаңыз, қызметте, бизнесте жолыңыз болады, мол табысқа жетесіз.
Ұйқыдан оянған сәттен бастап сезілетін белсенділік, күш-қуат бұл күні біраз маңызды шаруаны біржақты етуге мүмкіндік береді. Күніңіз сәтті болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/astrology/2197767-bugingi-zhuldyz-zhoramal-10-zheltoqsan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/