Әдепті, сабырлы, текті: жылан жылы туғандардың мінез-құлқы қандай болады
Жарияланған күні:

2025 жыл шығыс күнтізбесі бойынша жасыл ағаш жылан жылы. Жылан - қытай халқында даналықты сипаттайтын киелі жорғалаушылардың бірі. Осыған орай, жылан жылы туған адамдардың мінез-құлқы қандай болуы мүмкін? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.
- 2025 жыл шығыс күнтізбесі бойынша жасыл ағаш жылан жылы болып, даналықты сипаттайды.
- Жылан жылы туған адамдар ақылды, төзімді, сезімтал, интуициясы жақсы дамыған, адамдармен тез тіл табысатын және әзілге бейім келеді.
- Жылан жылы туған атақты тұлғалар арасында Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Альфред Нобель, Индира Ганди және басқа да көптеген ойшылдар, ғалымдар, саясаткерлер бар.
Жылан жылына жалпы сипаттама
Бұған дейін 2013 жылы кірген жылан жылы соңғы 12 жылдағы ең сәтті жылдардың бірі болған, дейді мамандар. ХХ ғасырда 1917, 1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001 жылдары қайталанған жылан жылдарында әлемдік тарихи оқиғалар орын алған екен. Мысалы, ұлы Октябрь революциясы, Ұлы Отан соғысы, Нью-Йорктегі терракт, Рим папасын сайлау және т.б. Төменде жылан жылының жалпы сипаттамасымен таныс бола аласыздар:
- Жылан жылының жұлдызнамасы - Торпақтар
- Түсі - қызыл, сары, қара
- Гүлі - кактус пен орхидея
- Сәтті күндері - 1-23 күн
- Табысты күндері - 2, 8 және 9
- Көкжиек тұстары - батыс, оңтүстік-батыс және шығыс.
- Ай күнтізбесі бойынша ең сәтті айлары - 1, 8 және 11.

Жылан жылы туған адамдардың мінезі
Жылан Шығыс күнтізбесі бойынша даналықтың белгісі болғандықтан, бұл жылы туған жандар өте сыпайы, қарапайым, тез тіл табысқыш, әзілге жақын, көптің ортасында өзін көрсете алатын, ара қатынасқа берік, сенімді серік бола алатын жандар. Сондықтан жылан жылы туған адамдардың арасында ұлы ойшылдар мен ел басқарған тұлғалар өте көп.
Жылан жылы туған адамдарға қандай мінез тән? Жылан жылы туған жандар ақылды, төзімді, сондай-ақ өмірге бейім келеді. Олар өте ұқыпты әрі сезімтал, бұл жылы туған адамдардың бойынан нәзіктікпен бірге елді басқара алатын күш-жігер, талапты байқауға болады.
Одан бөлек, жылан жылы дүние есігін ашқан адамдар кез келген оқиғаны алдын ала сезе алатын қасиетке ие, сол себепті олардың арасынан көптеген көріпкел шыққан. Бұл жылы туған тұлғалардың интуициясы жақсы дамыған. Бұл жылы өмірге келгендердің мінезіне тән ең негізгі негізгі қасиеттер мыналар:
- Тектілік пен тәрбиелілік
- Адамдармен тез тіл табысу қасиеті мен әзілге бейімділік
- Терең ақыл мен тапқырлық, алғырлық
- Әдептілік пен сабырлық
Олардың бойындағы осы қасиеттер кез келген жұмысты алып кетуге мүмкіндік береді. Жылан жылы туғандардың арасынан білікті ғалымдар мен әлеуметтанушылар, сараптама жасаушылар мен зерттеушілер, заңгерлер, философтар, суретшілер мен зергерлер, сиқыршы, әртістер көп шығады. Бұл жылы туған жандар кез келген қиындыққа төтеп беріп, ерекше төзімділік көрсете алады.

Жылан жылы дүниеге келген атақты тұлғалар
Жылан жылы өмірге келген арасында атақты тұлғалар жетерлік. Олардың қатарында әйгілі қылқалам шеберлерінен бастап философтарға дейін бар. Мәселен, Пабло Пикассо, Аврааам Линкольн, Мұхаммед Әли, Индира Ганди, Махатма Ганди, Джон Кеннеди, Кристиан Диор, Николай Коперник, Аристотель Онассис, Мао Цзедун, Мұстафа Кемал Ататүрік, Иоганн Вольфганг Гете, Дени Дидро, Дмитрий Достоевский, Николай Гоголь, Одри Хепберн және т.б. дәл осы жыл белгісінде туған атақты тұлғалар.
Тіпті, атақты швед ғалымы Альфред Нобельдің өзі жылан жылы туған. Оның туған жылы - 1833 жыл - жылан жылымен сәйкес келеді екен. Естеріңізде болса, күні бүгінге дейін ғылым, білім, әдебиет саласындағы әлемнің ең таңдаулы сыйлығы дәл осы атақты өнертапқыштың құрметіне қойылған.
Жылан жылы дүние есігін ашқандар арасында қазақ ойшылдары да баршылық. Солардың бірі - Абай Құнанбаев осы жылы дүниеге келген. Бұл жайлы El.kz танымдық порталы мынадай қызық дерек ұсынады:
Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев жылан жылы өмірге келген. XIX ғасырдың 45 жылының жазында Тобықты руының биі Құнанбай ақсақалдың отбасында дүние есігін ашқан бала Ибрахим өзінің парасат-пайымы, терең ойшылдығы арқасында қазақтың Абайы атанған.
Сол сияқты бұл жылы туғандар қатарында ақын, қазақтың бес арысының бірі - Мағжан Жұмабаев та бар. Деректерге сәйкес, ақын туған 1893 жыл тарихта жылан жы екен. Одан бөлек, "Қазақ халқының 100 әні" жинағының авторы, этнограф, сазгер А. Затаевич те осы жылы өмірге келген деседі.
Көргеніміздей жылан жылы туған тұлғалар арасында атақты жандар өте көп. Бұл жыл белгісінде дүниеге келген жандар өздерінің ақыл-парасаты, төзімділігі мен ішкі түйсігінің арқасында зор жетістіктерге жететін көрінеді. Ендеше келер жылы да тарихта өз атын қалдыратын тағы бір танымал тұлға өмірге келуі әбден мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/astrology/2203160-adepti-sabyrly-tekti-zhylan-zhyly-tugandardyng-minez-qulqy-qandai-bolady/