jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түсіңізде бұлт көру нені білдіреді?

    : Twitter

    Адамдар ежелден аспанды бақылағанды ұнатады. Түнде жұлдыздарды тамашаласа, күндіз бұлттарды бақылайды. Ал бұлтты түсіңізде көрсеңіз не болады? Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған

    KAZ.NUR.KZ

    мұндай түсті қалай жору керектгін назарларыңызға ұсынады.

    Түсіңізде бұлт көру нені білдіреді?
    Көрнекі фото: sonarium.ru: Twitter

    Егер түсіңізде ақша қардай бұлттарды көрсеңіз немесе сол бұлттардың үстінде қалықтап жүрсеңіз, көп ұзамай қиындықтар аяқталып, өміріңізде сәттілік кезеңі басталады деген сөз.

    Түсіңізде бұлтты ұстасаңыз, аялап жүрген арманыңыз орындалады деген сөз.

    Ал түсіңізде бұлт үстінде жүрсеңіз, бұл өңіңізде сүйіктіңізді кездестіріп, шынайы махаббатқа бөленетіңізді білдіреді. Бұлт жүрек пішінді болса, ғашығыңыз сезіміңізге жауап береді.

    Түсіңізде бұлт үстінде отырсаңыз, шынайы өмірде қиялға берілмей, күнделікті маңызды шаруалармен айналысу керектігін ескертеді.

    Түнерген, қара бұлттар жақында болатын қиындықтар жайлы, тіпті туыстарыңыздың бірі ауыратыны жайлы хабардар етеді.

    Қара бұлттардың жылдам көшіп жатқанын көру - көп ұзамай қайғы мен қиындықтар болады деген сөз.

    Егер жауын бұлттарының арасында ұшып жүргеніңізде, найзағай ойнай бастаса, онда қиындықтар ұзақ уақытқа серігіңізге айналады.

    Түрлі-түсті бұлт көру - шынайы өмірдегі саяхат немесе кездесуді білдіреді. Кемпірқосақта отырып, бұлтты ұстасаңыз, көп ұзамай жетістікке жетесіз.

    Бұлт үстінде отырып, таудың шыңына көтерілсеңіз, өңіңізде бір құпияның сырын ашасыз деген сөз.

    Ал бұлттардың пішіні мен түсі өзгерсе, бұл өміріңізде тосын сыйлар болатыны жайлы ескертеді.

    Түсіңізде бұлт көру нені білдіреді?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.