jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қандай жағдайда неке қиюға болмайды?

    : UGC

    "Неке" ұғымының дін мен дәстүрде алар өзіндік ерекше орны бар. Ол орындалу үшін белгілі бір шарттар сақталып, ырым-тыйымдарға құлақ асу керек. Осы орайда ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы "Неке қию" туралы ең маңызды мәліметтерді назарға ұсынады.

    Көрнекі фото желіден алынды
    Көрнекі фото желіден алынды: UGC

    Неке қидырудың шарттары:

    1. Некені сол ауылдың молдасы қияды

    2. Онда кәмелет жасына толған екі ер адам немесе бір еркек пен екі әйел куәлік етуі тиіс

    3. Жігіт қызға "мәһр" (неке сыйлығы) беруге міндеттеледі

    4. Екі жас неке суын ішеді

    Осы шарттар арқылы жас жұбайлардың некесі қиылып, молданың батасын алған соң, оларды алғашқы сынақ түні күтіп тұрады. Жігіттің жеңгелері құран ұстап, бiр жалпақ нан, ақ жайма алып, үйде төсек салып береді.

    Ертеңіне қыздың абыройын ақ төсектегі қанынан тексерген. Егер келін пәк болып келсе, қыз жұртына алғыс айтып, сүйінші сұрайды.

    Ал керісінше болса, жалпақ нанның ортасын тесiп алып барған. Мұндай жағдайда қыз жағы ел бетiне қарай алмайтындай халге жетедi.

    Неке қиюға болмайтын жағдайлар

    1. Аяғы ауыр қалыңдықтың некесі босанғаннан кейін ғана қиылады

    2. Жеті атадан аспаған рулас жастардың некесі қиылмайды

    3. Егер жігіт өзге (мұсылман емес) ұлттың қызын алса, ол дінді қабылдап, дәстүрін мойындағаннан кейін ғана некесі қиылуы керек.

    Қандай жағдайда неке қиюға болмайды?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.