jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ораза кезінде ерлі-зайыптылардың сүйісуіне бола ма?

    : UGC

    Қасиетті рамазан айында ерлі-зайыптылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтың бір - ауыз бекіткен адамның жақындасуы екен. Маңызды мәселенің жауабын Islam.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ұсынады.

    Көрнекі фото: Islam-Today.ru
    Көрнекі фото: Islam-Today.ru: UGC

    Ораза кезінде ерлі-зайыптылар бір-бірін сүйіп, құшақтауына және аймалауына рұқсат етілген.

    "Айша (Алла оған разы болсын) былай дейтін: Ораза кезінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгенідеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын. (Әл-Бухари, 1927. Муслим, 1/65)"

    Жалпы рамазан айында ауыз бекіткен ерлі-зайыптылар үшін жыныстық қатынастан басқасының барлығына рұқсат етілген. Тек олар өзін ұстай алудың шегінен аспауы керек дейді имамдар.

    Яғни, аузы берік адам мұның соңы жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелін құшақтап, аймалауына рұқсат етілетінін аңғартып тұр. Ал адам әлсіз болса, яғни, өзін-өзі ұстай алмай қалатынын білсе, онда ол мұндайдан тыйылғаны жөн екен.

    Ал аузын ашқан соң жыныстық қатынасқа түскен ерлі-зайыптылар ғұсыл алып үлгермесе де ауыздарын бекіте беруі керек. Сәресін ішіп болған соң жуынғаны шариғат заңына қайшы келмейді.

    Ораза кезінде ерлі-зайыптылардың сүйісуіне бола ма?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.