jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Неліктен адам ұйықтап жатқанда бастырылып қалады?

    : UGC

    Бастырылып қалу - адамның түнде оянып, қозғала алмауы. Сонымен қоса бөлмеде бөгде адамның бар екенін сезіну. Ертеде бұны шын-шайтандардың әрекеті деп түсінген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

    Ұйқы. Көрнекі фото: МирТекПром
    Ұйқы. Көрнекі фото: МирТекПром: UGC

    Әдетте, дене мүшелеріміз ұйықтап жатқан кезде артық қозғалыс жасамау үшін істен шығады. Бастырылып қалу ми әлі ұйқыға кетпеген немесе оянған кезінде болады.

    Шамамен адамдардың 7%-ы түнде бастырылып қалып жатады. Бұл көбіне шалқасынан жатып ұйықтаған кезде болады.

    Түсте аян беру

    Кейде бір нәрсені көп уақыт бойы ойланып, бірақ шешімін таппай жатамыз. Сондай сәттерде миымыз түс арқылы мәселенің шешімін көрсетіп жатады. Ең бастысы – есте сақтап қалу.

    Бәрімізге белгілі ғалым Дмитрий Менделеев ұзақ уақыт бойы құрастыру үшін бас қатырған кестені түсінде көрген. Дәл осы жағдай ғалым Кекуледе де болған. Ол түсінде бензолдың формуласын көрген.

    Кейде біздің миымыз біз үшін қиындық тудырған сұрақтың жауабын алдын ала білуі мүмкін. Бірақ оны өзіміз байқамаймыз. Сондай сәтте аян берілетін түс көру жиі кездеседі екен.

    Сомнамбулизм

    Бұл бастырылып қалуға керісінше құбылыс. Ми ұйқыда жатқанда дене қозғалыста болады. Адам түсінде жүруі, үй жинауы тіпті үйден шығып кетуі мүмкін.

    Әдетте таңертең адамның есінде ештеңе қалмайды. Сомнамбулизм көбіне кішкентай балалардың басынан өтеді.

    Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

    Неліктен адам ұйықтап жатқанда бастырылып қалады?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.