jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Өлдіге саналған әйел жерлейтін күні есін жиып, табытты қаққан

    Табыт
    Табыт. Көрнекі фото: pixabay.com

    Эквадорда дәрігерлер өлді деп санаған әйел жерлеу рәсімінің алдында кенеттен өз-өзіне келіп, есін жиған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "МИР 24" телеарнасына сілтеме жасап.

    Телеарнаның хабарлауынша, әйел адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оны қанша аман алып қалуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған.

    Сондықтан олар науқастың өлімін тіркеп, қазасын растайтын анықтаманы туыстарына берген.

    Жақындары марқұмның денесін үйге әкеліп, табытқа салып, жерлеу шараларын ұйымдастырған.

    Алайда қоштасу рәсімі кезінде табыттан оғаш дыбыстар естіле бастаған. Белгілі болғандай, есін жиған марқұм тыныс алуы қиындай түсіп, табытты қаға бастаған. Сөйтіп, ол қайтадан ауруханаға жеткізілген.

    Енді әйелдің туыстары дәрігерлерді сотқа бермек.

    Өлдіге саналған әйел жерлейтін күні есін жиып, табытты қаққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.