jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қолға қалай күтім жасау керек?

    : UGC

    Қолыңыз нағыз ханшайымның қолындай нәзік болуы үшін не істеу керектігін anabol.kz сайты жазды.

    Үнемі аптасына 1-2 рет қол күтіміне уақыт бөліп, қолға түрлі маскалар жасаған жөн. Маска жасау көп уақытты алмайды. Ендеше, мұны тәртібіңізге енгізіп, әдетіңізге айналдырыңыз.

    Жұмыртқа маскасы

    Қол терісі әжімденіп кетсе, көп көмек болатын маска. Ол үшін 1 жұмыртқаның сарысы, 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық сұлы жармасын араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіп жатыңыз. Таңертең қолыңыз жұп-жұмсақ болып оянасыз.

    Бал маскасы

    Бал қол терісін жұмсартады. 15 г ара балын, 25 г зәйтүн майын, 1 жұмыртқаның сарысы мен бірнеше тамшы лимон шырынын араластырып, қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіңіз. Мұны да жатар алдында жасаған жөн.

    Глицеринді маска

    Бұл да теріні жұмсартады. 1 шай қасық глицерин мен балға 2 шай қасық су, 1 шай қасық сұлы жармасы немесе ұн қосып, жақсылап араластырыңыз. Масканы қолға жағып, 20-25 минуттан кейін жуыңыз.

    Картоп маскасы

    Қол терісіндегі әжімдерді жойып, теріні жұмсартады. Суға пісірілген картопты сүтпен езіп (езбе жасап), қолыңызға жағыңыз. Масканы 2-3 сағаттан кейін ғана жуу керек.

    Қолға қалай күтім жасау керек?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.