jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сегіз жыл бойы шашына сусабын тигізбеген қыз желіде жұлдыз болды

    : UGC

    Желіде басын жумай танымал болған Пэйдж Гозон есімді жасөспірім сегіз жылдан кейін шашына сусабын тигізбей қалай өмір сүргенін баяндап берді. Оның айтуынша, химиялық заттарды қолданбауының арқасында оның шашы тез өсе бестаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru.

    Сегіз жыл басын жумаған жасөспірім желіде жұлдыз болды
    Фото: @paigxgoz44: UGC

    АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының 16 жастағы тұрғыны 2012 жылдан бері басын жууды қойған. Жасөспірімнің сөзінше, ата-анасы оны бас жуу үшін таңертең ерте оятып, оған қолайсыздық туғызатын болыпты.

    "О баста бұл ата-анама наразылық білдірген түрім еді. Бұл мені жалықтыратын қарапайым рәсім болды", - деді ару Гозон.

    Сусабынсыз бірнеше апта жүрген бойжеткен қашанға дейін басын жумай жүре алатынын ойлайды. Бір жылдан кейін бұл оның "қалыпты өміріне" айналған.

    Гозонның ұзын шашы майлы көрінбеуі үшін ол оны жай ғана сумен жуып, кептіретін кезде балаларға арналған сеппені қолданады екен.

    Бұдан бөлек, ол төсек жабдығын жиі ауыстырып тұрады.

    Жасөспірімнің сөзінше, ол химиялық құралдарды қолдануды доғарғаннан кейін шашы тез өсе бастаған.

    Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы суретші Франческа Клуни көздің жауын алар бұрымының арқасында британиялық Рапунцель аталып кетті.

    Әйел адам ұзын шашын күтіп ұстаудан шаршағандықтан 20 жыл бұрын басын жуудан бас тартыпты. Алайда бүгін оның шашы ештеңеге қарамастан мінсіз көрінеді

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Сегіз жыл бойы шашына сусабын тигізбеген қыз желіде жұлдыз болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.