jitsu gif
Отбасы

    Стилист 2021 жылдың күзінде қандай киімдер сәнде болатынын айтып берді

    сәнді киімдер
    Фото: Pinterest

    Стилист Зарина Аубекерова күзде, әсіресе қыркүйек айында сәнді саналатын киім үлгілерін атады деп жазады Comode.kz.

    Деним

    деним1
    Көрнекі фото: Pinterest

    Деним деп аталатын қатты мата түрінен тігілген киімдер осы күздің трендіне айналып отыр. Бастысы - түсі қара болуы керек.

    Қара денимнен тігілген шалбар, күртеше, комбинезон, көйлек, жейде сәнде болмақ.

    Бүрмеленген белдемше

    белдемше
    Фото: Pinterest

    Мұндай белдемшелер осы күзде қайтадан сәнге еніп отыр. Стилист белдемшені жакет, свитер, ұзын жилет немесе футболкамен үйлестіріп киюге кеңес береді. Аяғыңызға кроссовки немесе биік өкшелі туфли кисеңіз болады.

    Үшкіл орамал (косынка)

    Орамал
    Фото: Pinterest

    Мұндай орамалдар күзде ғана емес, қыста да сәнде болмақ. Мойныңызға, басыңызға, қолыңызға, тіпті сөмкеңізге тағып қойсаңыз болады.

    Жилет

    Жилет
    Фото: Lacoste / newwoman.ru

    Жылы, әдемі, сәнді. Кез келген киіммен жарасады. Жейдені лонгслив, футболканың сыртынан да кисе болады.

    Қара костюм

    Костюм
    Фото: Pinterest

    Сапалы қара костюм ешуақытта сәннен шықпасы анық. Жакет сәнді туфли, кеды, бәтеңке, тіпті, өкшесі жоқ аяқ киіммен де үйлесім табады.

    Трикотаж

    Трикотаж
    Фото: Pinterest

    Онсыз суық мезгілді елестету мүмкін емес. Бала кезіңіздегі шалбар мен жемпірден тұратын трикотаж костюм қайтадан сәнге айналады деп кім ойлаған? Трикотаж костюм сәнді ғана емес, сонымен қатар өте ыңғайлы әрі жылы. Бүгінде дизайнерлерді сұлулық қана емес, жайлылық та ойландыратын болған.

    Логомания

    Логомания
    Фото: Pinterest

    Логотипі бар заттарды кию соңғы он жылда сәннен шыққан болатын. Бірақ биыл бәрі өзгерді. Киіміңізде логотиптер неғұрлым көп болса, соғұрлым сәнді болмақ. Көптеген дизайнерлер осы маусымда логотиптермен толықтай безендірілген коллекцияларын ұсынды.

    Лаванда түсі

    Лаванда түсі
    Фото: Pinterest

    2021 жылдың күзінің ең жарқын тренді. Бұл түстегі киімдер ерекше көңіл-күй сыйлайды.

    Резеңке етіктер

    Етік
    Фото: Pinterest

    Hunter резеңке етіктерін әлемнің әр түкпіріндегі сәнқойлар киіп үлгерді. Осы күзде көптеген брендтің дизайнерлері сәнді және әдемі резеңке етік ұсынды, олар ылғал мен балшықтан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар ерекше сәнді көрінеді.

    Қара көйлек

    қара көйлек
    Фото: Pinterest

    Егер сізде әлі де қара көйлек жоқ болса, оны сатып алатын уақыт келді. Бұл-кез келген жерде үйлесім табатын киім. Трендтерді қарап, өзіңіздің ойыңыздан шығатын қара көйлекті тауып, осы күзде оны күртешемен, кардиганмен, кроссовкамен және резеңке етікпен үйлестіріп киіп көріңіз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.