jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ерлер арасында қандай косметологиялық қызметтер танымал

    Бетіне күтім жасап тұрған ер адам
    Бетіне күтім жасап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгінде косметологиялық қызметтерге әйелдермен бірге ерлер де жиі жүгінеді. Осы орайда ер адамдар арасында қандай косметологиялық қызметтер танымал деген сауал туындайды. KAZ.NUR.KZ аталған сұраққа жауап беру мақсатында, ресейлік дәрігер-дерматокосметолог Владимир Ивкин айтқан қызықты деректерді назарға ұсынады.

    Известия басылымына берген сұхбатында, дәрігер ер адамдар жастың ұлғаюына байланысты бетте болатын өзгерістердің алдын алу үшін косметолог қызметіне жиі жүгінетіндігін айтады.

    Оның сөзінше, оларға бет терісінің салбырауы, маңдай, қас аралығы мен көз айналасындағы әжімдерді жою процедуралары жатады.

    Владимир Ивкиннің айтуынша, бет терісіндегі әжімдерді ботулотоксин инъекцияның көмегімен кетіруге болады. Аталған процедураның нәтижесінде беттегі әжімдер тегістеліп, 3-6 айға дейін білінбейді екен.

    Дәрігердің атап өтеуінше, бұл процедура бірнеше курсты талап етпейді, бар болғаны маман көмегіне бір рет жүгінсе болғаны. Оның сөзінше, алғаш өзгерістер инъекциядан кейін, төртінші күні біліне бастайды. Ал толық нәтиже екі аптадан соң байқала бастайды.

    "Бет пішінін бұрынғы қалпына келтіру үшін, процедуралардың бірнеше түрі бар. Мәселен, гиалуронды қышқыл негізіндегі филлермен инъекциялау арқылы беттің төменгі жағын, жақ пен иекті қалыпқа келтіруге болады. Бұл продедура бұрынғы бет пішінін қалпына келтіріп, адамды жасарту үшін қолданылады", - дейді Владимир Ивкин.

    Дерматокосметологтың айтуынша, бүгінде көптеген ер адам инъекция салдырмайтын болған, сол себепті ерлер арасындағы соңғы кезде ультраформер аппаратымен жасалатын смас-лифтинг процедурасы танымал. Аталған процедура терінің барлық қатпарларына ультрадыбыс арқылы әсер етеді дейді дәрігер.

    "Басқаша айтқанда, біз апараттың көмегімен ескі коллагеннің жойылып, жаңасының пайда болуына ықпал етеміз. Процедураны жылына бір рет ғана жасауға кеңес береміз, нәтижесі процедурадан кейін бір айдан соң білінеді. Бұл процедура әсіресе бет пішіні өзгеріп, тері салбыраған кезде, көздің асты күлдіреп, екінші иек пайда болған кезде жасалады", - дейді Владимир Ивкин.

    Сонымен бірге ол косметологияда бетті атравматикалық вакуумдық тазалау процедурасы да кеңінен танымал екенін атап өтті.

    Ерлер арасында қандай косметологиялық қызметтер танымал

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.