jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Танымал блогер күйеуінен ажыраспақ болған әйелдерге қатысты ащы шындықты айтты

    : UGC

    Әлеуметтік желідегі белсенді блогерлердің бірі Құралай Ханым әйелдерге ажыраспауға кеңес береді деп хабарлайды NUR.KZ.

    ikerim.kz порталының колумнисі Құралай Ханымға  бір оқырман «Сіз неге ажыраспау керек деп жаза бересіз? Күйеу жаман болса, оңбаған адаммен бүкіл өміріңдi қор қылу керек па? Неге әйел адам «жертва» болу керек? Мүмкін мен ажырассам, одан да жақсы адам кездесiп бакытты болатын шығармын?! Күйеуім iшпейдi, бірак мінезіміз жараспайды. Екеуміз екi бөлек адамдармыз. Балам бар сол ғана ұстайды, әйтпесе баяғыда ажырасып кетер едім. Осылай бакытсыз өмір сүре берем бе? Ажырасып, жақсы адам кездестірiп мен де бакытты болғым келеді…», - деп хат жолдапты.

    Құралай ханымның ойынша, ажырасам дейтіндер отбасылық жағдайы өте мүшкіл, қиналған, шаршаған, кажыған әйелдер. Егер ол мықты болса, төрт баласы болса да ешкімге қарамай, ешқандай ақыл сұрамай-ақ ажырасады да, бір олигархка күйеуге тиiп алып, бақытты өмір кешер еді.

    Құралай ханымның пікірінше хат иесі екі ойлы болып отыр.

    «Демек күйеуiңiздiн ciз бағаламайтын, көрмейтін жақсы жерлерi көп. Көбінесе ерлі зайыптылар ажырасқан кезде бiр жақ қана кiнәлі болмайды. Шапалақтау үшін де екi алақан қажет қой. Сондықтан бар жамандықты бiр адамға арту дұрыс емес. Сондай оңбаған болса сен оған үйленбес едің ғой, әйтеуір бiр тал болса да жақсы жерi жаулап алды. Мен ажырасуға қарсы емеспiн, шын бақытсыз болсаң ажырас! Тап! Одан да жақсы күйеудi! Санаң жетсе, бақытты бол! Шамаң жетсе, бай бол! Өз -өзінді күт! Өс! Өзгер!» - деп кеңес берді ол хат иесіне.

    Құралай ханым екінші рет тұрмыс құрған әйелдер мен ер адамдардың өмір салтын мысалға келтірді. "Басқаларға айқайлап айтпағанмен, қалжыңдап болса да, iштей, алдыңғым дұрыс едi деген бiраз адамдарды байқағанмын", - дейді блогер.

    « Иә, көп жағдайда екінші рет үйленгендер жақсы тұрып жатады. Бірақ олар жақсы адам кездестіргеннен бақытты болып кетті деп ойламаймын. Олар елден ұялғаннан, «қой, мынау бiр күйеуiнен бiр кетті, екiншiсi мынадай болды…» деп айтпасын деп шыдап, өр мiнезiн басып, сасық көкiрегiн ары қарай тыққылап бiрдеме қылып тұрып жатады. Қазақы тәрбие бәрібір жібермейді ғой, не болса да намысқа тырысады!», - деп топшылайды Құралай ханым.

    Тағы оқыңыздар:

    Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

    Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

    Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

    Андрей Аршавиннің Алматыдан кеткісі келмей қалды

    Хиллари Клинтон Трамптан жеңілгенін мойындап, телефон соқты

    Назарбаев Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атанды

     

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.