jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Адамдар неге ұйықтап жатып сөйлейді?

    : UGC

    Кейбіреулердің кейде ұйықтап жатып сөйлейтін әдеті бар. Ол нені білдіреді, себебі неде? Бұл сауалдарға asylsoz.kz жауап іздеп көрді.

    Статистика бойынша, әрбір жиырмасыншы ересек адам түсінде сөйлейді, ал балалардың әрбір екіншісі ұйықтап жатып сөйлегенді ұнатады.

    Сомнилоквияға (түсінде сөйлеу) бейімдік ата-анадан беріледі деп есептеледі. Алайда ғалымдар түсінде сөйлеу күндіз өткерген стресспен байланысты дейді. Яғни, адамның күндізгі көңіл-күйіне (бірнәрсені уайымдаса, қатты қуанса немесе жыласа т.б), іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

    Күндіз үлкен психологиялық күш алған адам ұйықтағанда миының сөйлеуге жауапты қабатының орталықтары оянады да тіл «іске қосылады».

    Адам көбінесе баяу, терең емес ұйқыда сөйлейді. Ол кезде сөздері үзік-үзік, түсініксіз болады. Ал түс көріп жатып сөйлесе сөздері анық болып келеді.

    Мұның барлығы қорқынышты көрінгенмен, ұйықтап жатып сөйлеу ауытқуға жатпайды.

    Түнде сөйлеуді болдырмау үшін ұйықтар алдында шым-шытырық фильмдер көрмеген жөн. Тойып тамақтанбау қажет. Жатын бөлменің ауасын тазартып, желдетіп алған дұрыс. Ұйықтар алдында таза ауада жүрген жөн.

    Тағы оқыңыздар:

    Трамп Обама шығарған заңдардың 70 пайызын жоққа шығармақшы

    Аргентиналық рефери Головкинді ұнатып қалды

    Кіші Юбенк: 2017 жылы Головкинмен жұдырықтасамын деп үміттенемін

    91 жастағы қария сегіз мыңнан аса қалпақ тоқып, мұқтаж жандарға таратып беруде (видео)

    Қытай тұрғыны 25 жыл бойы әскери гранатамен жаңғақ шаққан

    Чехия президенті халқына Жаңа жылда қауіп-қатерге толы өмір тіледі

    Адамдар неге ұйықтап жатып сөйлейді?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.