jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Бай болуға кедергі келтіретін 7 әдет

    : UGC

    Адам баласы ес білген сәттен бастап мол ақша тауып, дәулетті өмір сүруді қалайды. Табысқа қол жеткізудің де әр түрлі жолдары бар. Сондай-ақ, адам бойында кедейлікке апаратын әдеттер де табылып жатады.

    Бай боламын десеңіз төмендегі жеті әдеттен арылғаныңыз абзал.

    1. Жанаярлық

    Кедей адамдардың көбісі жанаярлар екенін білесіз бе? Өз тағдырына өзі налып, «менің тағдырыма баю жазылмаған» деп айтудан еш жалықпайды. Қажырлы еңбек ешқашан сізді аш қалдырмайтынын ұмытпаңыз.

    2. Сараң болу

    Әрқашан жеңілдігі бар затқа жүгіру, акция уақытын күтіп, ақшасын артық шығармау. Сондай-ақ, балаларына да ақша аяп, сапалы білім беруін шектеу. Сараңдықтың сара жолы сізді кедейліктің дара жолына түсірмесін.

    3. Ұнамайтын іспен айналысу

    Мамандығыңызды сүйесіз бе? Егер ол сізге ұнамаса өмірдегі ең үлкен кедергі осы болмақ. Күн көру үшін ғана амалсыз шұғылданатын ісіңізді қойып, жаныңыз қалаған кәсіппен айналысыңыз.

    4. Жұмысыңыздың нәтижесі тек ақшада емес

    Қалтасына ақшасы түссе, масаттанып жүретін адам, ұзақ уақыт бақытты бола алады деп ойлайсыз ба? Табысты басқа құндылықтармен өлшейтін адам кедейшіліктен аулақ болмақ.

    5. Ақшаны орынсыз жұмсау

    Табысты адамдар әр ақшаның жұмсалатын орнын жақсы біледі, мақсатсыз қаржы шығындау – тек өз қалтасын ортайтқысы келетіндердің ісі.

    6. Жылдам пайдаға кенелу

    Әп сәтте мол пайда көремін деу - кедейлерге тән қасиет. Ертең қолыңызға түсетін ақшаны ойламаңыз, бес жылдан соң қандай деңгейге көтерілетініңізге көбірек бас қатырыңыз.

    7. Шағым көп айту, әрдайым өзін өзгемен салыстыру

    «Өмір қиындап кетті», «күн көру мүмкін болмай қалды» деп кімдер көп айтатынын білесіз бе? Кедейшіліктің алдында тұрған адамдар. Бәрі сізге байланысты. Өз-өзіңізді қолға алыңыз.

    Өзіңізді өзгемен салыстырудан аулақ болыңыз, «ол менен ақылдырақ, ертең барып, мықты жұмысқа орналаса алады, ал мен... » деген секілді мысық-ойларға жол бермеңіз.

    Дереккөз: Kazdala.kz

    Тағы оқыңыздар:

    Шымкенттік полицей баласын "полиция шақырамын" деп қорқытатын ата-аналарға ренжіді

    Димаш қытайлық жанкүйерлердің арқасында жұлдыз болғанын мойындады

    Қарағандыда екі жасар мүгедек сәби жантүршігерлік жағдайда қаза болды

    Атырау облысында 65 мың адамды ЭКСПО-ға баруға міндеттеп отыр

    Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

    Бай болуға кедергі келтіретін 7 әдет

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.