jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Бұрынғыдай емес: Отбасын құрған адамдар қалай өзгереді?

    : UGC

    Ғалымдар үйленгеннен кейінгі алғашқы жылы адамдардың бойында қандай өзгерістер болатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша, отбасылық өмірде жас жұбайлардың сырт келбеті және ішкі жан дүниесі бір-біріне ұқсап кетеді екен. Тіпті бастапқыда әр түрлі жанрда кино көретін жұбайлардың уақыт өте келе талғамдары да бір арнада түйіседі.

    Отбасын құрған адамдар қалай өзгереді?
    Отбасын құрған адамдар қалай өзгереді?: UGC

    Үйленгеннен кейінгі алғашқы жылы жастардың бойында қандай өзгерістер болатынын NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

    1. Жігіт те, қыз да бұрынғыдай мейірімді әрі сүйкімді емес.

    Шын мәнінде де отбасылық өмір бізді дөрекі әрі ашушаң етеді. Жұптардың үйленгенге дейінгі қалыптасқан өмірі мен қағидалары өзгеріске ұшырайды. Мәселен физикалық, қаржылай және эмоциональдық деңгейдің өзгеруі бізді ашулануға, ренжуге әкеліп соқтарады. Дегенмен психологтар: «Уақыт өте келе, жағдай өзгереді», - дейді. Себебі жұбайлар шынайы отбасылық өмірдің ертегі емес екенін түсінеді.

    2. Жас жұбайлар бір-біріне барынша ашыла түседі

    Бір-біріне өлердей ғашық екі адам, ортақ таныстар мен ортақ қызығушылықтар. Дегенмен психологтар бірінші жылдың психологиялық және әлеуметтік өмірге де әсері барын айтады.

    «Үйленгеннен кейін қос ғашықты тек қана құштарлық емес, болашаққа деген жоспарлары да біріктіреді. Яғни сөзден іске көшетін уақыт келеді», - дейді.

    Ал келешекке бірге жоспар құрып, алғашқы қадамдарды жасаған сайын жұптар бір-біріне барынша жақындай түседі.

    3. Екеуі де адал әрі салмақты бола түседі

    Неке қыздардың өте нәзік психикасына жақсы жағынан әсер ете алады. Ғалымдар жас жұбайлар алғашқы уақытта бір-біріне барынша қолдау көрсетіп, сонымен қатар өздерін жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Сондықтан жас күйеу адал әрі жомарт бола түссе, жас қалыңдық ашық-жарқын әрі салмақты болып өзгереді.

    Бұрынғыдай емес: Отбасын құрған адамдар қалай өзгереді?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.