jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Оның да әйелі бар": Желіде танысқан жігітті сүйіп қалған келіншек сырын ақтарды

    : Facebook

    Тұрмысқа шыққанына бес жыл болған келіншек бүгінде күйеуінен көңілі суып, өзге жанға назар аударып жүргенін айтады. Әйел адамның сөзінше, оны ғаламторда танысқан жігіттің сөздері баурап алған деп жазады "Алаш айнасы".

    Көрнекі фото: psifact.ru
    Көрнекі фото: psifact.ru: Facebook

    Ғашықтықтан көзі байланған келіншек желідегі жігіт еркелеткен соң өзін әйел ретінде сезініп жүргенін айтады.

    "Сіз соңғы рет әйеліңізді қашан еркелеттіңіз? Жылы сөзіңізді арнадыңыз ба? Еркектердің санасында бір нәрсе бар, үйленсем болды, әйел ешқайда кетпейді деген. Оған жылы сөзін айтып, күнде болмаса да арасында еркелетіп тұруды ұмытады", - дейді ол.

    Кейіпкер әлеуметтік желі арқылы танысқан ғашығын бұрыннан танитындай сезімде екенін жеткізді. Тіпті, оның жаңа сүйіктісімен ойы бір жерден шығып жатады екен.

    "Оның да әйелі бар. Бірақ, ол да әйелінің мінезінен мезі болып, үйіне амалсыз барады. Өйткені, әйелі ештеңенің байыбына бармай, айқай шығарып, үйі жинаусыз, тамақ пісірусіз, бала қараусыз қалады екен", - дейді келіншек.

    Махаббатқа мастанған әйел адам осылай жалғаса берсе, алда не күтерін білмеймін дейді.

    "Оған күн санап бауыр басып барамын. Кішкене сөйлеспесем, іздеп отырамын. Сағынамын. Ол да мені көзінен таса еткісі жоқ. Кездесіп, сағынышымызды басуға мен көнбей жүрмін. Күйеуімнің көзіне шөп салғым келмейді. Бірақ, сезім санаға бағынбай кетсе, алдағы уақытта бәрі мүмкін", - дейді ол.
    "Оның да әйелі бар": Желіде танысқан жігітті сүйіп қалған келіншек сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.