jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Күйеуіңіздің разылығын алу үшін не істеу керек?

    : Twitter

    Жанұялық өмірде жұбайыңыздың көңілінен шығып, разылығын алу үшін не істеу керек? Отағасымен бірге бақытты ғұмыр кешу үшін қандай қағдиаларды ұстану керек? Бұл сұраққа muslim.kz сайты жауап береді.

    Көрнекі фото: rccgmanassas.org
    Көрнекі фото: rccgmanassas.org: Twitter

    1. Құрмет.

    Бәрінен бұрын, әрбір ер азамат әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда..

    2. Бағалау.

    Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізге бар жылуын төгіп, бағалайды.

    3. Разы болу.

    Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін істеп жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынтасын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет етеді.

    4. Сүйіспеншілік.

    Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп отырыңыз. Әйел адамға сүйіспеншілікті сезіну қандай маңызды болса, ер адам үшін де аса маңызды. 

    5. Бойсұну.

    Алла Тағала еркекті отбасының басшысы етті, ал әйелді көнгіш әрі бой ұсынғыш етіп жаратты. Тек осылай болғанда ғана отбасында тәртіп пен рақат өмір болады.

    Әйел адам көнгіштігін көрсете отырып, күйеуіне бағынады. Күйеуіңізден бір табан төмен тұрудан арланбаңыз. Оны күйеуіңіз міндетті түрде бағалайды.

    6. Алла Тағаламен арадағы байланысты нығайту.

    Сіз Аллаға жақын болған сайын сізді көптеген адамдар, соның ішінде, күйеуіңіз де жақсы көріп, сыйлайтын болады. Аллаға жақын пенденің жүзінде кез келген сұлулықты басып кететін нұры болады. 

    Күйеуіңіздің разылығын алу үшін не істеу керек?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.