jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Арықта, ерніңді үлкейт": Бойжеткен өзіне талап қойған жігіттің масқарасын шығарды

    : UGC

    Англиядағы Ланкшир қаласының 24 жастағы тұрғыны Кимберли Лэтем-Хоуксфорд Люк Джеймс есімді жігітпен алғашқы кездесуге барған. Танысуларын бір шынаяқ кофе ішуден бастаған жастар отырыстарын жалғастырмақ болып дәмханаға барады. Алайда кеш барысында Люк бойжеткеннің сырт келбетіне қатысты сыни пікір айтып, бірнеше кеңес берген екен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: © Facebook / Kimberley Latham-Hawkesford
    Фото: © Facebook / Kimberley Latham-Hawkesford: UGC

    Люк аруға бірнеше пластикалық ота жасатып, қай дүкендерден киінуі керек екенін айтыпты. Сондай-ақ, Кимберлидің шотты бөліп төлеу туралы ұсынысы Люктің жағасын ұстатқан. Ол шотты төлеуге қауқары бар екенін алға тартыпты.

    Қыздың титығына тиген кездесу аяқталып, Кимберли бұл отырыстары жайлы ұмытуға тырысқан. Алайда үш ай өткеннен кейін Люк бойжеткенге былай деп хат жазыпты:

    "Сәлем, Кимберли. Екеуіміз кезінде кездесуге барған едік. Мен саған неліктен сол күйі хабарласпағанымды түсіндіріп жазып отырмын. Меніңше сен келесі жолы жігіт үшін жақсырақ болу үшін тырысуың керек. Сол себепті саған бірнеше кеңестерді жібердім.
    Фото: © Facebook / Kimberley Latham-Hawkesford
    Фото: © Facebook / Kimberley Latham-Hawkesford: UGC

    Жігіттің пікірінше, бойжеткен салмақ тастап, киім үлгісін өзгертуі тиіс екен. Себебі Люк Кимберлидің жанында жүргенде ол үшін ұялмауы керек. Сонымен қатар, ару кеудесі ашық киімдер киіп, шашын боятып, өсіруі керек.

    Одан бөлек, жігітке табиғылық ұнағандықтан Кимберли опа-далаптарды азырақ қолдану тиіс. Бірақ оның алдында ернін үлкейткені дұрыс екенін жазған.

    Фото: © Facebook / Kimberley Latham-Hawkesford
    Фото: © Facebook / Kimberley Latham-Hawkesford: UGC

    Люк бойжеткеннің алғашқы кездесуде онымен сүйіспегенін айтып, шүйліккен. Сонымен қатар, Люк Кимберлиге өзі туралы азырақ сөлеуге кеңес берді. Жігіттің сөзінше, ол бойжеткеннің өз өмірі жайлы айтқан әңгімесін әзер тыңдаған.

    Аталмыш жазбаны сылқым facebook парақшасына жүктеген. Оқырмандар арасында талқыға түскен кеңестер тізімі 21 мың лүпіл жинаған. Желі оқырмандары бойжеткенді қолдай жөнелді.

    "Арықта, ерніңді үлкейт": Бойжеткен өзіне талап қойған жігіттің масқарасын шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.