jitsu gif branding logo appbranding logo app
Отбасы

    Жігітінің сыйлығын мазаққа айналдырған ару желіде қызу пікірталас тудырды (фото)

    : Facebook

    Reddit әлеуметтік жаңалықтар сайтында қолданушылардың бірі жігітінің сыйға тартқан жүзігін желіде жариялап, сыйлықтың түріне байланысты шағым айтқан. Желі қолданушылары бұл суретті қызу талқыға салды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Reddit.com/u/P-u-m-p-t-i-n-i
    Фото: Reddit.com/u/P-u-m-p-t-i-n-i: Facebook

    Суреттің сипаттамасында желі қолданушысы 8 жыл бойы кездесіп, тұрмыс құруды жоспарлап жүрген жігітінің бұл сыйлыққа ұзақ уақыт бойы ақша жинағанын жазды. Суретте жүзіктің жіңішке алтынмен оратылғаны және кішкентай гауһар тасы бар екені байқалады.

    "Бұл кішкентай жиіркенішті жүзік маған керек емес десем, менің тарапымнан пайдакүнемдік болып есептеле ме?", – деп жазды суреттің авторы.

    Желі қолданушыларының көбісі қызды қолдап пікірлерін білдірді.

    "Бұндай мәселеге келгенде мен есепшіл емеспін, бірақ, менің жігітім осындай жүзікпен маған сөз салса қор болар едім. Ол барынша арзан сыйлық алуға тырысқан секілді, бұл оның қарым-қатынасқа қатысты барлық мәселеде осындай екенін көрсетеді", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
    "Шынымды айтсам, қызды қолдаймын. Тіпті, аз ақшамен де бірден сынып қалмайтын жүзік таңдаса болар еді", – дейді тағы біреуі.
    "Егер менің басыма біреу тапанша тақап, дәл осындай ұсқынсыз жүзік тауып бер десе де мен ондай таба алмас едім. Оны боулингтегі сауда автоматынан алған секілді", – дейді қызға қолдау білдіргендердің бірі.

    Дегенмен, сыйлықты берген жігітті де қолдайтын желі қолданушылары табылды.

    "Егер жүзік проблема болса, онда мәселе шын мәнінде жүзікте емес". "Жеке менің ойымша, жүзік ондай маңызға ие емес, оны сыйлаған адам маңызды". "Көп қыздарға жүзік некеден де маңызды болып кеткен", деп жазғандар да табылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.