jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ер адам көзімен сүйеді: Ерлер қауымына әйел затының қандай қылығы ұнайды

    : Facebook

    Халық арасында кеңінен таралған "ер адамдар көзімен, әйелдер құлағымен сүйеді" деген сөз бар. Осы ретте

    KAZ.NUR.KZ

    порталы ер азаматтарға қыз-келіншектердің қандай әдеттері ұнайтынын анықтады.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

    Салауатты өмір салты

    СӨС - бұл зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстау. Ер адамдар нәзік жандылардың темекі, ішімдік сияқты жаман қылықтарға әуес болмағанын қалайды. Сондықтан сүйгеніңіздің көңілін табамын десеңіз, салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс ұйықтап, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысқаныңыз дұрыс.

    Үнемі өзіңе күтім жасау

    Ерлер қауымы қыздардың айна алдында ұзақ тұрғанын сырттай ұнатпаса да, олар әдемілікке бірінші назар аударады. Бұл жерде мәселе тек киім мен макияжда ғана емес. Өзіңіздің дене пішіміңізге, шашыңызға, теріңізге, тырнақтарыңызға аса мән беріңіз.

    Киім киюдегі қарапайымдылық

    Сіз келісіңіз не келіспеңіз, кез келген ортада сізді киіміңізге қарап қарсы алады. Сол сияқты ер адамдарда сұлулардың киімі өзіне жарасымды, тартымды болып тұрғанын қалайды. Сондықтан, тек өзіңізге лайықты, дене пішіміңізге сай келетін киімдерді таңдаңыз.

    Күлімсіреу және позитив

    Әркімнің өмірінде әртүрлі мәселелер бар. Жолдасыңыз күнделікті жұмыстан шаршап келгенде, оны жымиып қарсы алғаныңыз абзал. Ештеңеге көңіліңіз толмай, шағымданғыңыз келіп тұрса, кейінге шегеріңіз. Алдымен еріңізді баптап, тамағын беріп, қабағын жазып алыңыз. Одан кейін қандай мәселеңізді айтсаңыз да, көңіл күйі жоғары жолдасыңыз бәрін шешіп береді.

    Ер адам көзімен сүйеді: Ерлер қауымына әйел затының қандай қылығы ұнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.