jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Оқушы неге мектепке барғысы келмейді

    : Facebook

    Көптеген балалар, соның ішінде бастауыш сынып оқушылары мектепке барғысы келмейтіні белгілі. Оған әсер ететін бірнеше фактор бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

    Басылым мәліметінше, төмендегі факторлар оқушылардың шағымынан құралған.

    Сонымен оқушының мектепке деген қызығушылығын төмендететін факторлар қандай

    Ұстаздар

    Өзін сыйлатудың басқа әдісін таппағандықтан, баланы қорқытып-үркітіп ұстайтын мұғалімдер аз емес.

    Баға

    Балаға "екі қоямын" деп не басқа да төмен бағамен қорқыту бұрыннан келе жатқан әдіс. Ал нашар баға алған бала ата-анасының, оқу ісі меңгерушісінің, директордың тарапынан сөгіс еститінін, жазаланатынын жақсы біледі.

    Күлкіге қалу

    Бала барлық пәннен үздік болмаса да өлең шығаруға қабілетті болуы мүмкін, әнді жақсы айтып, суретті жақсы салуы мүмкін. Алайда математика пәнінің мұғалімін ол қызықтырмауы ықтимал. Оның қолынан келетіні тек есеп шығара алмаған баланы есекке теңеп, басқа балалардың алдында күлкіге қалдыру болуы да ғажап емес. Бұл бала үшін ауыр соққы.

    Үй тапсырмасы

    Өзіне сенімсіз бала үшін одан қорқынышты нәрсе жоқ. Олар үшін тақтаға шығу, сахнаға шығудан кем емес. Үйден мүдірмей орындап келген тапсырманы тақтаға шығып айтып беруге қиналатын балалар да бар.

    Бір сызықтан шықпау

    Өзгелерден өзгеше болғың келеді ме? Оқу орны бұндайды қабылдай алмайды. Сөйлеу мәнерің, шашыңды жинауың, оның түсі, киген киімің – қайсысы болса да барлығымен бірдей болуы керек, таңдау жоқ. Елден ерекшеленбе – мектептің ұраны осы.

    Жалығу

    YouTube желісінен видео көру? Ойын ойнау? Қызықты әңгіме тыңдау? Жоқ, мектепте мұндай "ұсақ-түйекке" орын жоқ. Күн сайын бір сарынмен қайталанатын пәндер, басқа ештеңе жоқ.

    Мектеп мектептен кейінгі өмірге дайындамайды

    Мұнда тіпті қай мамандық иесі немен айналысатынын да үйретпейді, он бір жыл алған білімің өмірлік бағытыңды таңдауға көмектеспейді. Экономика пәнінен қаржылық сауатыңды арттыра алмайсың, құқық пәнінен өз құқығыңды қорғауды үйренбейсің.

    Міне, мектеп оқушыларының айтатын шағымы осындай.

    Оқушы неге мектепке барғысы келмейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.