jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Психолог биіктік қорқынышынан қалай арылуға болатынын айтты

    Балконда тұрған қыз
    Балкон. Көрнекі фото: Pexels.com

    Психолог Евгений Идзиковский кейбір адамдарда кездесетін биіктік қорқынышынан қалай арылуға болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ News.ru сайтына сілтеме жасап.

    Маманның айтуынша, акрофобиядан (биіктіктен қорқу) арылуды шағын қадамнан бастаған жөн.

    "Өзіңіздегі фобияны жеңу үшін биіктіктен қорқудың себебін анықтауға тырысыңыз. Оны кішкентай қадамнан бастаған жөн. Мысалы, бірінші немесе екінші қабаттардағы балконға немесе шағын дөңге көтеріліп көруден бастаңыз.

    Биіктік қорқынышын сезінгенде тынысыңыз тарыла бастауы мүмкін. Мұндай кезде терең және бір қалыппен тыныс алып, визуализацияны қолданыңыз. Яғни, өзіңізді қауіпсіз және ыңғайлы биіктікте тұрғандай елестетіңіз", – дейді психолог.

    Евгений Идзиковский акрофобиядан арылу процесі шыдамдылықты, табандылықты және біраз уақытты қажет ететінін атап өтті.

    "Егер сіз биіктік қорқынышын өз бетіңізше жеңе алмасаңыз, мамандарға жүгінгеніңіз жөн", – дейді ол.

    Психолог биіктік қорқынышынан қалай арылуға болатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.