jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Адам ата қазақ болған": Отандық ғалым ел күтпеген болжам жасады

    : Facebook

    Отандық ғалым Адам атаның қазақ болғанын және оның қазақ тілінде сөйлегенін айтты. Қазіргі мәліметтер бойынша бұл мәлімдемені ҚазҰУ-дың доценті әрі философия ғылымдарының докторы жасаған Бейсенов Б.К жасаған деп жазады NUR.KZ.

    Фото: Depositphotos
    Фото: Depositphotos: Instagram

    Ғалымның бұл мәлімдемесі университет басып шығаратын "Вестник" журналында жазылған.

    Мақала авторының айтуынша, бұл жаңалық қазақстандықтар үшін күтпеген тосын сый болмақ.

    Ол Қазақстанды адамзаттың отаны деп атады. Маманның мәлімдеуінше, әлемдегі алғашқы адам біздің еліміздің аумағында пайда болған. Оған қоса, ол Адам атаның есімі дәл осылай аталуында да ерекше мән-мағына бар екенін алға тартты.

    Сонымен қатар, мақала авторы Адам атаның қазақ тілінде сөйлегенін де айтып өткен. Ол өз болжамының растығын дәлелдеу үшін "алма" сөзін келтірген.

    Ғалымның айтуынша, жаратушы Адамға ағаштағы жемісті көрсетіп, оған "алма" деп айтқан. Алғашқы адам тілінде ол "оны алуға болмайды" дегенді білдіргенімен, Адам ата кейіннен жемісті де "алма" деп атап кетті.

    Оған қоса, ер адам жеміс туралы оқиғаның ойдан құрастырылмағаны мен шынайы өмірде болғанын айтты.

    "Мүмкін адам Іле Алатауының тау бөктеріндегі бақтарға барған кезінде нағыз адам болып шықса керек. Себебі ол жерде әлемдегі ең алғашқы алмалар өскен болатын" , - деді ғалым.

    Айта кетейік, мақалада Хауа ана туралы ештене жазылмаған.

    "Адам ата қазақ болған": Отандық ғалым ел күтпеген болжам жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.