jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сүйіктісін тұншықтырған: "Өлі көлдің" біз білмейтін қандай сыры бар? (фото)

    : Facebook

    Алматы облысы Сапақ ауылына жақын маңда "Өлі көл" деп аталатын таңғажайып мекен бар. Көлемі аса үлкен болмаса да, көрінісі керемет. Адамдар тұратын ауылдан алыс орналасқан бұл көлдің тылсымға толы тіршілігі туралы әңгіме ел арасында аңызға айналған деп жазады "Қамшы".

    Фото: Қамшы
    Фото: Қамшы: Facebook

    Көлдің атауының өзі естігеннің тәнін түршіктіреді. Жергілікті тұрғындар көлмен байланысты сан түрлі оқиғаларды аңыз ғып айтады. 

    Ел аузында жүрген аңыздың бір нұсқасына сенсек, осыдан бір ғасыр бұрын қалыңдығын қызғанған жігіт ашу үстінде сүйгенін осы көлге тұншықтырып өлтірген екен, содан бастап көл қазіргі есімін алған десе-ді.

    Фото: Қамшы
    Фото: Қамшы: Facebook
    Жыл сайын осы көлге батып кетіп, көз жұматындардың саны артпаса кемімейді екен. Туристерді магнитше тартатын тылсым көлден, жергілікті тұрғындар аулақ жүруге тырысатын көрінеді. Өлі көлдің суы шілденің ыстығында да мұздай суық болып тұрады. Бұл көлде балықтар тіршілік етпейді, өсімдік өспейді. Және бір қызығы, былайғы кезде су жағасында қаптап жүретін масаларды да бұл көлдің маңынан табу мүмкін емес.

    Сүңгуірлер тылсым көлді зерттеуге тырысқанымен, суға түсе сала тыныстары тарылып, түсініксіз себептермен ауа жетпей, қайта шығып кете береді екен.

    Ал зерттеуші ғалымдар сол ауданда бұрындары сынап өндірген кеніштердің орны болған дейді.

    Фото: Қамшы
    Фото: Қамшы: Facebook

    Бір анығы, бұл көл - әлемдегі мистикалық орындардың бірі және ең қорқынышты жерлер тізімінде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.