jitsu gif branding logo appbranding logo app
Отбасы

    85 жасқа толған Құрманғазы оркестрі елордада мерейтойлық кешін өткізді (фото)

    : Facebook

    Қазақстанның аспаптық музыка тарихындағы бірегей әрі тұңғыш оркестр - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестріне биыл – 85 жыл. Ұлы даланың қайталанбас әсем үнін елімізге ғана емес, күллі әлемге танытып жүрген үлкен өнер ұжымы мерейтойын Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ыфафыфв
    Фото: facebook.com/kurmangazyorkestri: Facebook

    30 қазан күні «Қазақстан» орталық концерт залында өткен дүбірлі тойға елорданың өнер сүйер қауымы мен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған зиялы қауым өкілдері және қазақ өнерінің қаймақтары жиналған.

    ыфафыфв
    Фото: www.facebook.com/kurmangazyorkestri: Facebook
    "Аталған кешке елімізге еңбегі сіңген Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Қосанова, Сүндет Байғожин, Тамара Асар сынды өнер майталмандары қатысты.
    Салтанатты концертте Құрманғазы оркестрі халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және Ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын тыңдармандарға паш етті", - деп мәлімдеді оркестрдің баспасөз қызметі.
    ыфафыфв
    Фото: facebook.com/kurmangazyorkestri: Facebook

    1934 жылы бар-жоғы 11 адамнан құрылған ансамбль бүгінде 85 өнер майталманынан тұратын Қазақстанның ең белді әрі танымал оркестріне айналды.

    Бұған дейін еліміздің үш өңірі және Ресей, Испанияда өткен мерейтойлық концерт осымен тоқтамай, жалғасатын табады.

    Бұл туралы Құрманғазы оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

    "Ендігі кезек – жылдың соңына шейін Алматының төрінде Құрманғазы оркестрінде 15 жылдай қызмет жасаған Айтқали Жайымов ағамыздың жеке шығармашылық кеші. Өзбекстаннан келген дирижерларымыздың және тағы басқа концерттермен қуантамыз деген ойдамыз. Сосын Қытай еліне және Берлин қаласына сапарымыз тұр", - дейді өнер ұжымының басшысы.

    85 жасқа толған Құрманғазы оркестрі елордада мерейтойлық кешін өткізді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.