jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ресейдегі архивтен Мағжан Жұмабаев туралы құнды құжат табылды

    құжат
    Құжат. Көрнекі фото: pixabay.com

    Солтүстікқазақстандық тарихшылардың қолына ақын Мағжан Жұмабаевтың аудармашы болып қызмет атқарғанын растайтын құнды құжат тиді, деп хабарлайды "Хабар 24".

    Телеарнаның хабарлауынша, мамандар құжатты жуырда ғана Ресей мемлекеттік архивіне сұрау салып, алдыртқан.

    Құжат бүгін Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орайластырылған шарада көпшілік назарына ұсынылған.

    "Бір айдай ғана уақыт болды, Ресей мемлекеттік архивінен алынған құжат. 1923-1927 жылдары Мәскеуде болған кезеңінде сол әдебиет және өнер институтында оқып ғана қоймай, қызметте жүргізген.

    Лениннің ақпаннан қазанға дейін еңбегін, Максим Горькийдің "Буревестнике" өлеңін, Всеволод Ивановтың шығармаларын аударды. Яғни, аудармашы ретінде қызмет жасағанын дәлелдейтін құжатқа куә болып отырмыз", - дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

    Тарихшылардың айтуынша, Мағжан Жұмабаевқа қатысты әлі де зерттелмеген деректер көп.

    Ресейдегі архивтен Мағжан Жұмабаев туралы құнды құжат табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.