jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ерлік туралы қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер топтамасы

    Қазақтың батыры. Скриншот
    Қазақтың батыры. Скриншот: YouTube/Айгүл Сағымбайқызы

    Қазақ халқының ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдердің алар орны ерекше. Осы орайда, назарларыңызға ерлік туралы қазақ тіліндегі мақалдар топтамасын ұсынамыз.

    Халқымыздың ауыз әдебиетінің інжу-маржаны саналатын мақал-мәтелдер ішінде ерлік туралы мақалдар баршылық. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынбақпыз. Мәселен, Massaget.kz ерлік туралы төмендегідей нақыл сөздер берілген:

    Нар тәуекел – ер ісі. 

    *****

    Тәуекел нарды жығады. 

    *****

    Көз жұмба дария кешпек жоқ. 

    *****

    От ішінде туған оттан қорықпайды. 

    *****

    Таудан арқасы бардың 

    Тастан жүрегі бар. 

    *****

    Тісің барда бір шайна. 

    *****

    Жалаң аттың жалымен, 

    Жалаң қылыш жүзімен. 

    *****

    Қылышты қорқақты 

    Сойылды батыл соғады. 

    *****

    Күшенген жеңбейді, 

    Күші көп жеңеді. 

    *****

    Күштінің арты диірмен тартады. 

    *****

    Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды. 

    *****

    Кішкене тастан қауақтай бас жарылады. 

    *****

    Теңіз кешкенге өзен сирағынан келмейді. 

    *****

    Кеме келсе, қайық судан шығады. 

    *****

    Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа жаниды. 

    *****

    Батыр өлмейді: мерт болады. 

    Ат үстіндегі батырлар. Көрнекі сурет
    Ат үстіндегі батырлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Батырда жауда,

    Шешенді дауда сына.

    *****

    Ерлік білекте емес, жүректе.

    *****

    Батыр болсаң, жауыңа - найзаң тисін,

    Бай болсаң, еліңе - пайдаң тисін.

    *****

    Батырға оқ дарымайды,

    Батылға жау жоламайды.

    *****

    Екі батыр егессе,

    Екеуінің бірі өлер.

    *****

    Жау жоқта - батыр көп,

    Дау жоқта - ақыл көп.

    *****

    Жалғыз батыр - жауға жоқ,

    Жалғыз жігіт дауға жоқ.

    Өскелең ұрпаққа ауыз әдебиетін сіңдіруде мақал-мәтелдердің алар орны ерекше. Сондықтан батырлық пен ерлік туралы мақалдар келесі бір балалар басылымында былай берілген. Аталған мақал-мәтелдерді жаттау тез әрі оңай.

    Ерді намыс өлтірер,

    Қоянды қамыс өлтірер.

    *****

    Күш атасын танымас.

    *****

    Ер қанаты — ат.

    Айлалы батыр алдырмас.

    *****

    Ерлік білекте емес, жүректе.

    *****

    Бөріктінің намысы бір.

    *****

    Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.

    *****

    Қазақ батыры. Көрнекі сурет
    Қазақ батыры. Көрнекі сурет: bilimdiler.kz

    Халық арасында кеңінен тараған тағы бір ерлік туралы мақалдарға төмендегі топтама жатады:

    Есебін тапқан жігітке ердің құны түк емес.

    *****

    Жалғыз болар жігітке , бедеу қатын тап болар.

    *****

    Жанын аямаған жау алады, Малын аямаған дау алады.

    *****

    Жауды күшті деме, Ерлік етсең жығасың.

    *****

    Тауды биік деме, Талап етсең шығасың.

    *****

    Жақыныңнан жау шықса, Жаныңды қояр жер таппайсың.

    *****

    Жарым жігіт жаяу жүріп, тың киікті қуады.

    *****

    Жау жеңетін жігттің, Жарағынан танылғы.

    *****

    Жер алған – ер, Жер сатқан – қара жер.

    *****

    Жомарт бергенін айтпайды, Батыр айтқанынан қайтпайды

    Ерлік туралы қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер топтамасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.