jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

    Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі
    Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

    Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мәліметінше, "Рисала Мират әл Кулуб" кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған. Қолжазба "Диуани хикметке" қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды.

    Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде.

    "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына Қазақстан тарихына қатысты жазба мұраларды жинақтау барысында мұраларды іздеп табудың әртүрлі жолдарын қолдануда. Соның бірі - көне қолжазбалар мен сирек кітаптардың, карталардың электронды нұсқаларын интернет жүйесінен іздестіру жұмыстары. Қазақстан тарихына қатысты өте маңызды деген бағалы жазба деректердің көшірмелері шетелдік сайттардан анықталып, факсимильді көшірмелері жасалады", - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Абсалықов.

    Кітапты түптеу жұмыстары 3 аптаға созылды. Факсимильді көшірменің жекелеген беттері блок түрінде тігілген. Мұқабаға 3 мм картон қағазы мен ашық қоңыр түсті былғары қолданылған.

    Қолжазбаның ХІІ ғасырдағы түпнұсқасыҰлттық кітапханасында сақталған.

    Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.