jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ешқашан ұрыспаған": Мұқағали Мақатаевтың ұл-қыздары әкесі туралы естелік айтты

    Ақынның қыздар Алмагүл, Шолпан Мақатаева
    Ақынның қыздар Алмагүл, Шолпан Мақатаева. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstantv

    Бүгін - қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осы орайда ақынның ұл-қыздары, ұрпақтары "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, балалық шақтағы ұмытылмас естеліктерін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Таңшолпан" студиясында ақын Мұқағали Мақатевтың әулеті қонақта болды. Ұлы Жұлдыз Мақатаев бүгінде қарындасы Алмагүл екеуі зейнет жасында екен.

    "Әкеден алты бала өстік. Тұңғышы Ләззат бала кезінде шетінеп кеткен, ал екінші қызы Майгүл 1963 жылы жол апатынан қаза тапты. Әкеміздің көңіліне жалау, шабытына шабыт қосқан Майгүлдің қазасы әкеге ауыр тиді. Майгүл біраз өлеңге арқау болды. Майгүлден кейін мен. Менен кейін Алмагүл. Кенжесі Шолпан - университетте шетел француз тілінің оқытушысы", - деді ақынның ұлы.

    Сонымен қатар Жұлдыз Мақатаев студияда ақынның ұрпақтарымен таныстырып, естелігін баяндады. Қызы Алмагүл де әкесінің еркелеткен кездерін сағынышпен еске алды.

    "Өте қарапайым болды. Әкем ешқашан ұрыспаған. Бір қарағаны ғана жеткілікті болатын. Грек мифологиясын, әдебиеттің бәрін білетін. Мен де мұны әкемнен үйрендім.

    Әкеміз сауатты, интеллекті жоғары адам болған. Өз қазағын өте жақсы көрді. "Қазағым, қазағым" деп отыратын.

    Сабақтан келгенде "Дударбасым" келді дейтін. Мен тентектеу болдым "Төбелестің бе?" деп сұрайтын. Төбелеспедім десем, "Жарайсың" деп, еркелететін", - дейді қызы Алмагүл Мақатаева.

    Мұқағали Мақатаев (шын аты Мұхаммедқали) 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда дүниеге келген. Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын атанған.

    "Ешқашан ұрыспаған": Мұқағали Мақатаевтың ұл-қыздары әкесі туралы естелік айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.