jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті

    Зайда Бекхожина
    Зайда Бекхожина. Фото: massaget.kz

    Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қалижан Бекхожинның жары Заида Бекхожина өмірден өтті. Бұл туралы Massaget.kz хабарлайды.

    Портал мәліметінше, бұл қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы растаған.

    "Қазақстанның Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина дүниеден өтті", - деп жазылған хабарламада.

    Заида Бекхожина саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз. Ол ұзақ жыл мектепте тарих пәнінен сабақ берген.

    Сонымен қатар Заида Бекхожина – ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің жұбайы. Қалижан Бекхожиннің есімі қазақ әдебиеті тарихында алтын әріппен қалған. Жазушыға "Менің замандастарым" атты еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.

    Сондай-ақ, жазушы ұрпақты Отаншылдыққа, ел мен жерді сүюге баулитын "Жусан" поэмасын жазды. Ал ақ адал махабаттың үлгісі ретінде артына "Мариям Жагорқызы" сынды тың туындылар қалдырды.

    Қалижан Бекхожин мен Заида Бекхожинаның ұлы Ерлан Бекхожин – танымал журналист, продюсер, медиаменеджер.

    Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.