jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Айтыста ұтқан көліктер саны бойынша ақындардың рейтингі құрылды

    : UGC

    Халықтың сүйікті айтыскеріне айналған Айнұр Тұрсынбаева бүгінгі күнге дейін 34 темір тұлпардың иесі атанып, ең көп жүлделі болған ақынға айналып отыр.

    Оның рекордына 20 жылдан аса айтыста жүрген Аманжол Әлтаев та, талай ақын онымен айтысуды армандайтын Балғынбек Имашев та жете алмай жүр. 1984 жылдан бері қазақтың төл өнері айтыстың арқасында кім, қанша көлік мініп үлгерді? Ол көліктерді ақындар қайда жібереді?

    Алғашқысын Айнұр Тұрсынбаева1996 жылы студент шағында жеңіп алған. Айнұр көлікті бірден үйдегілерге сыйға тартыпты. Ал, Бақыт Жағыпар есімді  айтыскерге 20 жылдың ішінде бір ғана Нива көлігі бұйырыпты. Бұған дейін ол бұрынғы заманның көлігін, яғни төрт аяқты жылқылар жеңіп келген. Ал, алғашқы темір тұлпарына 2011 жылы Астана туған күніне арналған республикалық айтыста қол жеткізіпті.

    Бақыт Жағыпар, ақын:

    -20 жылда алған алғаш көлігім.

    Айнұрдан кейін, ең көп темір тұлпар мінген ақындардың бірі Аманжол Әлтаев. 22 жылын айтысқа арнап, зейнетке кеткен Аманжолдың соңғы жеңіп алған көлігі джип. Жүрсін Ерманның сөзінше 1986 жылдан бері айтысқа 160-тан аса көлік тігіліпті.

    Ал, біз сол көліктерді ең көп еншілеген 5 үздік айтыскердің тізімін ұсынамыз. Көштің басында әлбетте Айнұр Тұрсынбаева 34 көлік. Одан кейін жастарға жол берген Аманжол Әлтаев 20 көлік мініпті, одан кейінгі тізімде айтыспен қош айтысқан Ринат Зайытов 10-нан аса темір тұлпарға ие болып үлгерсе, небәрі 21 жастағы Жандарбек Бұлғақов 10-ға жуық автокөліктің иесі атанған, ал бестіктің соңына Балғынбек Имашев 7 көлікпен ілігіп отыр.

    Айтыскер ақындар жүлделі орындары үшін көліктен өзге, бағалы сый-сияпаттарға да қол жеткізіп жүр. Ал, жақында айтыстан кеткенін мәлімдеген белгілі ақын Ринат Зайытовқа Алла Тағала екі қыздан кейін, ұл сыйлады.

    Айтыста ұтқан көліктер саны бойынша ақындардың рейтингі құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.