jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақын Қасым Аманжоловтың қызы өмірден өтті

    Қасым Аманжоловтың қызы
    Дариға Қасымқызы. Фото: Қарқаралы ауданы әкімдігі

    Ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға Қасымқызы Аманжолова өмірден озды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарқаралы ауданы әкідігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға Қасымқызы Аманжолова 78 жасында өмірден озды. Әкесі Қасым Аманжоловтың әдебиеттегі ізін жалғастырып, прозалық шығармалар жазған көрнекті қаламгер, музыкалық аспаптарда шебер ойнаған әнші, сазгер.

    Дариға Қасымқызы өмірінің соңына дейін асыл әкеден қалған шығармашылық мұраларды көздің қарашығындай сақтаған, әке аманатына адал аяулы жан еді.

    Марқұмның иманы жолдас болып, рухы пейіште шалқысын!" - делінген әкімдіктің Instagram-дағы парақшасындағы жазбада.

    Дариға Қасымқызы 1946 жылы 4 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің "Филология" факультетін тәмәмдаған.

    Отыз жылдан астам уақыт бойы Мемлекеттік кітап паласында қажырлы еңбек етті.

    Дариға Қасымқызының әріптестері, ақын-жазушылар қауымы да қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда.

    "Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың қызы Дариға апамызға уақыт болыпты деген хабар алып отырмыз. Алла панасына алсын апамызды! Жаны жәннаттық болғай!" - деп жазды Ақын Жанат Жаңқашұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

    Кітап ісі басқарма басшысы Алмас Мырзахмет Дариға Қасымқызы жайлы естелігін бөлісті.

    "2021 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "Қасымтану" жобасы аясында Жарылғапова Жансая ұстазыма еріп Алматыға барып, шаңырағына түсіп, жасырған құпиясын Жанна апай айтып қойып, жан баласына көрсетпей, жасырып жүрген қолжазбасын қолқалап сұрап ап, теріп, редакциялап, ректор Нұрлан Дулатбеков ағамыздың демеушілігімен кітап етіп шығарып, жабырқап жүрген көңілін бір сейілтіп едік. Иманы саламат болсын!" - делінген естелікте.

    KAZ.NUR.KZ ұжымы Дариға Қасымқызының туыстарына қайғырып көңіл айтады.

    Ақын Қасым Аманжоловтың қызы өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.